АТА КӘСІПТІ ДАМЫТУ МАҢЫЗДЫ

Жыл сайын қарт Қаратаудың баурайында өтетін малшылар слетіне қатысып, биыл марапат төріне шықтық. Бұл әрине, бір адамның ғана еңбегі емес, осы саланы өркендетіп отырған серіктестік еңбеккерлерінің жемісті еңбегінің арқасы. Екі күнге жалғасқан слетте мамандар өзара тәжірибе алмасып, ғалымдар пікірі тыңдалды. Аймақтың маңдайалды малшылары бас қосқан мерекеде ой сергітіп, бой жаздық. Дәстүрлі мерекенің сән салтанаты өте әсерлі өтіп, алдағы жұмысымызға тың бағыт берді.
Марат БИСЕНОВ,
«Ақжарма-2» ШҚ төрағасы