ЖАРҚЫН ЖЕТІСТІКТЕРГЕ ЫНТАЛАНДЫРАДЫ

Ауданда алғашқылардың қатарында ауыл шаруашылық кооперативін құрып, ет бағытындағы мал өсірумен 2000 жылдың басынан бері айналысып келемін. Өзім басқаратын «Ыссамадин» ШҚ мал басын асылдандыруды ғылыми селекциялық жұмыстарға сүйеніп жүргізіп, жыл сайын мыңнан астам ірі қараны бордақылауды жүзеге асырудамын. Мал бордақылау алаңында мал соятын арнайы орын жабдықталған. Сапалы ет өнімдері арнайы сертификатпен қалалық мекемелерге жіберіліп отырылады.
Шаруалар тойында өткен жылы да, биыл да марапат тұғырынан көріндім. Бұл өз кезегінде бізді жарқын еңбекке ынталандырып, ауданның экономикасын дамытуға лайықты үлес қоса беретініміздің айғағы.
Жанарбек НҰРЫМБЕТОВ,
«Ыссамадин» ШҚ төрағасы