СЫРДАРИЯЛЫҚТАР ҮЗДІКТЕР ҚАТАРЫНДА
Жақында Жаңақорған ауданында жыл сайынғы дәстүрлі IV облыстық малшылар селеті дүркіреп өткізілді. Қаратаудың бөктерінде жиналған ағайын ата кәсіпті дамыту барысын талқылады. Айтулы шараға ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіподағының «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингінің басшылары, ғалымдар, өзге де өңірлерден өкілдер қатысты.
Шарада облыс әкімі Қ.Көшербаев мал шаруашылығының негізгі бағыттарын жетілдіруде Қазақстанның зор әлеуетін тілге тиек етті. Сонымен қатар Елбасы Н.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында көрсетілген 10 бағытты айқындап берді. Өз кезегінде өңірдің агроөнеркәсіп кешенінің үздіктері марапатталды. Олардың қатарында сырдариялықтар да бар. Аудан озаттары еңбегі еленіп, абырой биігінен көрінді. Атап айтар болсақ, «Ақжарма и К» шаруа қожалығының төрағасы Қайрат Нұрсейтов ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төс белгісімен, ардагер ветеринар Тасболат Тоқманұлы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ведомстволық наградаларының бірі «Еңбек ардагері» медалімен, «Ақжарма-Инвест» АӨК – нің төрағасы Мақсат Қайратұлы «Үздік ет және сүт бағытындағы ауыл шаруашылығы кооперативі» ретінде, «Абай Даулет» ЖШС-нің шопаны Айдос Мадияр «Үздік шопан» ретінде, Тереңөзек кентінің веттехнигі Бақытжан Байдосов «Үздік ветеринар», «Жан-Арай» шаруа қожалығының төрағасы Қадыров Берік Тұрабайұлы «Үздік құс шаруашылығы» ретінде үздіктер қатарынан көрінді.
Жыл бойына атакәсіптің қыр-сырын меңгеріп, белгіленген межеден артық орындауға талпынған еңбек адамдары қашанда құрметке лайық. Бейнетімен қатар қызығы бірге жүретін агроөнеркәсіп оның ішінде мал шаруашылығы әрқашан табандылықты қажет етеді. Маңдайдан аққан терге малшынған еңбеккерлер кәсібін дөңгелетіп, табыс биігіне ұмтылатыны рас. Екі күнге созылған шарада ұлттық дәстүр жаңғырып, өнерпаздар өнер көрсетті. Ақшаңқай түсті киіз үйлер тігіліп, малшылар мерекесі өз деңгейінен жоғары дәрежеде қорытындыланды.

Б.ҚАРАМАНТЕГІ