Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ТӘТТІ ДӘМІ

АДАЛ ЕҢБЕКТІҢ ТӘТТІ ДӘМІ

Үлкендердің батасын алу қашанда дәстүрімізде бар. Алдымыздан кесе өт­пейтін аудандық басылым “Тіршілік тынысы” газетінің ұжымы біздің қазіргі қам­қоршымыз. Ұжым қыз­меткерелер әрдайым ар­­­­­­­­­­­­­­да­­­­герлердің батасын алу­ға асығып отырады. Мерекелік кездесулер өткізіп, аудан айна­сының жұмысымен бізді таныстырып отырады. Сондықтан әр нөмірін асыға күтіп, ауданның жаңалықтарынан хабардар болып отыру әдетке айналды. Біз еңбек еткен жылдары газеттің бір нөмірін шығаруға қаншама адам атсалысатын. Журналистер мен баспахана қызметкерлері таң атқанша өндірістің ортасында бірге қайнасатын. Азулы қаламгерлердің мақалаларын бірінші болып түпнұсқадан оқитын біздер әріп терушілер болатынбыз. Мақалаларына қайран қалып, тамсанатынбыз. Мықтылардың жолын жалғастырып келе жатқан аға буын өкілдері мен қазіргі жастардың жазғандарын оқып риза боламыз. Қазір редакция шағын ғана ұжым болса да, аудан халқына жаңалықтарды жеткізіп отырған қарашаңырақ. Ауданның айнасына айналған газеттің талай мерейтойына куә болдық. Енді міне, қариялық жасқа келген газеттің салихалы өмір жолдарында біздің де қолтаңбамыз қалғанына қуаныштымыз. Беделі мен абыройы асқан басылымға тек қана жақсы тілегімізді білдіреміз.

Жұмакүл ҚОЖАҒҰЛОВА,
еңбек ардагері
03 сәуір 2019 ж. 1 134 0