Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№92 газет

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 газет

29 қараша 2025 ж.

№90 газет

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

АУДАНДЫҚ ГАЗЕТТІҢ 80 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫМЕН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Бүгін аудан әкімі Ғ.Қазантаев аудандық "Тіршілік тынысы" газетінің ұжымымен кездесіп, аудандық басылымның 80 жылдық мерейтойымен құттықтады.
Аудан басшысы аудандық газет ұжымы ауданның тыныс-тіршілігін ақпараттандыру бағытында жемісті еңбек етіп келе жатқанын айтып, 80 жылдық тарихы бар басылым алдағы уақытта да өз оқырмандарына сапалы мақалалар ұсынатынына сенім білдірді. Сонымен бірге, қаламгерлер қауымына шығармашылық сәттіліктер тіледі.
Шара барысында аудандық газеттің бас редакторы С.Ерімбет пен редакция жанындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Қалмұратұлы сөз сөйлеп, ұжымға деген игі құрметі үшін аудан басшысына алғысын айтты. Алдағы жоспарларымен бөлісіп, басылым таралымын арттыру бағытында атқарылатын жұмыстармен таныстырды.
Айта кету керек, құттықтау шарасына аудан әкімінің орынбасары Д.Байдушев, аудандық сайлау комиссиясының төрайымы Б.Өтегенова, аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Мырзахметова, аудан әкімінің көмекшісі–баспаөз хатшысы А.Ибрагимұлы қатысты.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
26 наурыз 2019 ж. 2 069 0