ТАЛАПҚА ТАЛҒАМ – ТАРАЗЫ
Облыс әкімі Қ.Көшербаевтың “Жастар жылын” өткізу жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарына сәйкес облыстық білім басқармасы «Талапқа талғам – таразы» тақырыбында кәсіби бағдар беру керуені өз жұмысын бастаған болатын. Қаламыздын ТжКББ ұйымдарына қарасты он төрт оқу орындары жане “Мәңгілік ел жастары – индустрияға”, “Серпін” әлеуметтік жобасы бойынша алты аймақтан жиырма екі оқу орнының маманы мен білім алушы студенттері үгіт насиxат жұмыстарын жүргізуде. Жақында аталған керуен көші аудандық мәдениет үйінде аудан мектептерінен келген тоғызыншы – оныншы сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Оған, облыстық білім басқармасының оқу орталығы (әдістемелік кабинет) кәсіптік білім бөлімінің бас маманы Ұ.Жетібайұлы, аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева, сала мамандары қатысты.
Шара барысында мектеп бітіруші әрбір түлекке өз оқу орны жайлы кәсіби бағыт-бағдар берді. Мамандық таңдауда жаңлыспау үшін зор мүмкіндікті түсіндірді. Сан түрлі саланың негізгі функциясын меңгерте отырып, білікті маман даярлау бүгінгі күннің басты талабы. Осы орайда біршама білім ордасының мамандары жаңа оқу жылында өз оқу орындарын таңдауға шақырды. Үш жүз балаға жуық жиналған шарада белсенді жастар, ән айтты. Болашақта қоғам өмірінде белсенді болудың жолдарын жеткізді. Дұрыс жолды нұсқау барысында кәсіби маманның көпшілігі оқу орындарының артықшылығын тілге тиек етті.
Б.АЯБЕКҰЛЫ