Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ ҚУАТТЫ РЕСУРСЫ

САПАЛЫ БІЛІМ – ДАМУДЫҢ ҚУАТТЫ РЕСУРСЫ


Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал биылғы тамыз кеңесінің негізгі тақырыбы. Жыл сайын жаңа оқу жылы қарсаңында өтетін дәстүрлі кеңеске аудан әкімі Ғ.Қазантаев, облыстық білім басқармасының мектепке дейінгі және орта білім беру бөлімінің басшысы Б.Жәнібеков, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, кент, ауылдық округ әкімдері, облыстық,  аудандық мәслихат депутаттары, педагогтар мен ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.
Аудандағы 17 жалпы орта білім беру мекемелерінде және 27 балабақшада 9 мыңға жуық бала білім мен тәрбие алуда. Кеңес жұмысын ашқан аудан әкімі Ғ.Қазантаев бүгінгі таңда адам, адами капитал, оның білімі мен дағдысы басты басымдық және экономикалық даму мен кемелденудің негізгі драйвері екенін айтты. Аудан басшысы биылғы жылғы ұлттық бірыңғай тестілеудің қорытындысымен мектеп бітірушілердің орташа балы 85,2 пайыз болғанынан хабардар етті. Кеңестің күн тәртібіндегі тақырыпқа сәйкес білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева баяндама жасап, саланың атқарған жұмыстары мен міндеттеріне кеңінен тоқталды.

Б.ЖАНӘЛІ
28 тамыз 2018 ж. 1 686 0