Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 62 газет

19 тамыз 2025 ж.

№61 газет

16 тамыз 2025 ж.

№ 60 газет

12 тамыз 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ

АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ


Кеше аудан әкімі Ғанибек Қазантаевтың төрағалығымен аудандық білім бөлімінің кеңейтілген мәжілісі өтті. Мәжіліске аудан көлеміндегі мектеп директорлары, мектеп директорларының орынбасарлары және ҰБТ бойынша таңдау пәні мұғалімдері қатысты.
Мәжілісте аудан әкімі білім саласына бағытталып жатқан қолдаулар туралы айтып, ҰБТ бойынша жоғары көрсеткішке қол жеткізу басты міндет екенін атап өтті. Сонымен бірге, білім беру саласы жаңашылдықты, біліктілікті және үздіксіз ізденуді талап ететінін жеткізді. Мәжілісте аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Сүюбаева "2018 жылғы мектеп бітірушілердің қорытынды аттестаттау және ҰБТ-ға дайындық барысы" тақырыбында баяндама жасады.
Аудан басшысы бірқатар мектеп директорларына ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты сұрақ қойып, дайындық жұмыстарын жандандыру қажеттігін тапсырды.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
27 наурыз 2018 ж. 1 107 0