СЫРДАРИЯ АУДАНЫНА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ
«Сырдария ауданына 2017 жылдың қорытындысы бойынша 44,2 млрд.теңге инвестиция тартылды»,- деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз хатшысы Ақтөре Ибрагимұлы.
2017 жылдың қорытындысмен аудан экономикасына 44 млрд.231 млн.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Алдағы уақытта да аудан әкімдігі инвестиция көлемін арттыру бағытында кешенді жұмыстарды жүргізе береді. Ерекше экономикалық кезеңде инвестиция көлемін арттыру арқылы тұрғындардың әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатын арттыру мақсатында тиісті іс-шаралар жоспары бекітіліп, қарқынды жұмыстар атқарылуда. Аудан экономикасына тартылған инвестиция жұмыссыздық көлемін азайтып, дамудың даңғыл жолына жетелейтіні сөзсіз. Жалпы, бірлігі бекем аудан инвесторлардың нәтижелі жұмыс жасауы үшін тиімді.
Пікір 2