Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАНҒА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ

АУДАНҒА 44,2 МЛРД.ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛДЫ


Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Ақжарма ауылында өткен есеп беру жиынында 2017 жылы аудан экономикасына 44,2 млрд.теңге негізгі капиталға инвестиция тартылғанын мәлімдеді. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,7 есеге артық. Яғни, ауданда дамудың оң динамикасы қалыптасқан. Сонымен бірге, 2018-2020 жылдарға арналған ауданның даму бюджеті де қабылданды. Осы және басқа да жетістіктер кеңінен айтылған жиында аудан басшысы кеңкөлемді баяндама жасады. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының міндетін атқарушы Қанат Нұрманов, облыстық мәслихат депутаттары Расул Есенов, Жанарбек Нұрымбетов, аудандық мәслихат хатшысы Ержан Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жиында дамудың даңғыл жолына түсіп, шағын және орта кәсіпкерлік саласы бойынша өркендеген Ақжарма ауылдық округінің әкімі Қ.Нұрсейіт пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Б.Кенбаевтың 2017 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды. Сонымен бірге, облыс бойынша кәсіпкерлік саласын өркендетуге ерекше басымдық берілуіне байланысты аудан әкімі алда тұрған мақсат-міндеттерді атады. Есеп беру жиынында ауыл ақсақалы Қ.Ысқақов сөз сөйлеп, аудан әкімінің жұмысына өте жақсы деген баға беріп, шынайы ризашылығын білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
19 қаңтар 2018 ж. 1 843 2

Гость JeaOrer от 18 ақпан 2019 04:11
Propecia Pas Cher Canada Baclofene Protocole http://allngos.com Kamagra E Hipertension Cialis Viagra En Ligne Worldwide Zentel Best Website

Гость JeaOrer от 9 наурыз 2019 07:17
Cialis Legal Deutschland Acide Clavulanique Biogaran Enfant viagra online prescription Amoxicillin Pakage Insert Tadapox Online In Usa