Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ДЕРТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ

ДЕРТПЕН КҮРЕС ТОЛАСТАМАЙДЫ


Ғаламның бір бөлшегі адамзаттың қазіргі жай-күйі сан алуан бағытқа түрленіп отырады. Бірінші байлық денсаулықтың күрт төмендеуі адами факторды жоюға бірден-бір себепкер. Дүниежүзілік ахуалдың басты мәселесінің бірі халықты туберкулезден барынша қорғау болып табылады. Жер шарының басым бөлігін жайлаған дертпен күрес әлі күнге толастаған емес. Әлемдік деңгейдегі дертпен күрес мәселесін шешу жолдары білікті ғалымдардың бас ауруына айналды. Аудан көлемінде туберкулез дертімен күрес шаралары кең көлемде атап өтілуде. Бұрнағы күні аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы және амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық ауруханасы ШЖҚ КМК мекемесі, аудандық білім бөлімімен бірлесіп «Өзіңді туберкулезден қорға» тақырыбында кент мәдениет үйінде акция ұйымдастырды.
Шараға кент тұрғындары мен мектеп оқушылары қатысып, туберкулездің алдын-алу шаралары хақында мол ақпарат алды. Сондай-ақ, аудандық ҚДС басқармасы басшысының м.а Қ.Омарова, «Амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК мекемесі бас дәрігерінің орынбасары М.Халыбаева, аудандық мешіттің бас имамы А.Асқаров сөз сөйлеп, қазіргі таңдағы дертті қоздырып алмау тетіктерін тілге тиек етті. Қоғамның алдында дені сау адамның жағдайын қамтамасыз ету шараларын қолға алу жөніндегі жоспарларымен бөлісті. Бұдан бөлек қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Ұ.Нұрбаева, аудандық емхана фтизиопедиатры А.Ибраймова, Л.Ибраймова тұрғындар мен мектеп оқушыларына туберкулез ауруының алдын алу туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, кеңінен насихаттады.
Акцияның мазмұнын аша түскен кентке қарасты мектеп оқушылары туберкулездің негізгі айқын белгілерін айшықтайтын көрініс көрсетіп, флешмоб биледі. Өз шығармашылығы арқылы туберкулез ауруының таралуы және алдын алу туралы өлең оқып, сурет салған олар белсенділік танытты.

Б.ОРДАБЕКОВ
27 наурыз 2019 ж. 863 0