Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА

ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА


Жақында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мамандарының ұйымдастыруымен ауылшаруашылық саласы қызметкерлері және бизнес өкілдерінің қатысуымен «Өзіңді туберкулезден қорға» атты дөңгелек үстел басындағы кездесуі «Атамекен» Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының мәжіліс залында өткізілді. Шараға «Амбулаториялық емханалық қызметі бар Сырдария аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-н мекемесі және «ҚОСӨСҚ» ЖШС Сырдария аудандық филиалы мамандары қатысты.

Кездесу барысында аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Қ.Омарова, жетекші маман Ұ.Нұрбаева «Туберкулез ауруының алдын алу жолдарын» түсіндіріп, бүгінде аудан бойынша ахуал эпидемиологиялық тұрақты түрде бақылау жұмыстары жасалып жатқандығын жеткізді. Тұрғындар арасында ауру тудырушы факторлармен күресу жолдарын қамтамасыз етуге байланысты мәліметтерді айтып өтті. Сондай-ақ, «Амбулаториялық емханалық қызметі бар аудандық орталық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ны бас дәрігердің орынбасары М.Халыбаева, дәрігер-фтизиатры Л.Ибраймова туберкулез ауруының БК+ жұқпалы түрі, ем алу, сауықтыру шаралары туралы айтып, жыл сайынғы жүйелі жұмыс жасау жүйесі жайлы ақпараттар келтірді. Аудан бойынша халық арасында түрлі акциялар, көпшілік сауықтыру шаралары жүргізіліп келе жатқандығын тілге тиек етті. «ҚОСӨСҚ» ЖШС Сырдария ауданы бойынша маманы Г.Жаналиева, Жастар денсаулығы орталығының дәрігері Д.Алашбаева ауылшаруашылық саласы мамандарына туберкулез ауруының алдын алу туралы кітапшалар мен үн парақтар таратты.
Кездесуде аудандық ауыл шаруашылық бөлімінің маманы А.Қозыбаев, Аманкелді ауылынан И.Жүсіпов, Жетікөл ауылынан Ж.Кенжебекқызы, «Атамекен» кәсіпкерлік палатасынан Н.Қырықбаева сөз алып, елді-мекендердегі тұрғындарды сауықтыру шараларын ұйымдастыруда жұмыла жұмыс жасау керектігін жеткізді. Дертпен қоғам болып күресу шараларын оңтайлы ету үшін сала мамандарының қызмет көрсету тетіктерін жетілдіру жайында айтылды.
Балтабай ОРДАБЕКОВ
13 наурыз 2018 ж. 1 485 0