Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 98 газет

10 желтоқсан 2024 ж.

№97 газет

07 желтоқсан 2024 ж.

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » САЛАУАТТЫ ӨМІР – АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ

САЛАУАТТЫ ӨМІР – АУЫРМАУДЫҢ ЖОЛЫ


Туберкулез – жұқпалы ауру. Онымен күресті әр адам күнделікті белсенді жүргізуі тиіс. Салауатты өмір салтын ұстанып, жеке бас гигиенасын сақтау аурудың алдын алады, әлеуметтік дерттің жолын кеседі. Жыл сайын дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес айлығы 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында жүргізіледі. Айлық барысында тұрғындар арасында кең көлемді түсіндіру, ақпараттандыру шаралары жүргізіледі.

Ай көлемінде ұйымдастырылған іс шараларды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасымен СӨСҚ, ЖДО, аудандық емхана, бірлесіп атқарды. Н.Ілиясов, А.Тоқмағанбетов ауылдық клубтарында және Бесарық ауылының №147 орта мектептің мәжіліс залында барша жиналған қауыммен бірлесе отырып кең ауқымды «ӨЗІҢДІ ТУБЕРКУЛЕЗДЕН ҚОРҒА» ұранымен акция өтті. Акцияның бас­ты мақсаты – туберкулездің алдын алу шараларын, туберкулездің алғашқы белгілері мен туберкулездің жұқтыру қаупі мен ауру салдары туралы халықты ақпараттандыру.
Акцияда Сырдария аудандық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Е.Ұзақбаев «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық мемлекеттік бағдарламасында» туберкулезбен сырқаттанушылық 100 мың тұрғынға шаққанда 2019 жылға 57,6 дейін, ал туберкулезден болатын өлім-жетім 4,0 дейін төмендету көзделгенін жеткізді. Туберкулез ауруымен ауырмау үшін балалардың, жас ұрпақтың сана сезімін оятып, өз денсаулықтарын сақтаудың маңыздылығы және жеке бас гигиенасы туралы түсінікті қалыптастыруымыз қажет екенін түсіндірді.
Сондай-ақ, акция барысында аудандық туберкулезге қарсы диспансердің бас дәрігері Т.Бектеген «Туберкулез ауруы» туралы тақы­рыбында сөз сөйлесе, қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының маманы Ұ.Нұрбаева, фтизиопедиатр Л.Ибраймова мен ОСӨСҚ орталығы Сырдария аудандық филиал маманы Г.Жаналиева туберкулез ауруының алдын алу, сақтану туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында балабақша бөбектері мен мектеп оқушылары флэш-моб, спорттық көріністер, сурет салу, көркем сөз бен көріністер көрсету арқылы туберкулез туралы түсініктерін жеткізе білді. Кең көлемді акцияларға ауыл тұрғындары да қамтылды.
«Атамекен» кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалында ауылшаруашылық қызметкерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. № 131 орта мектеп пен № 35 мектеп-лицейде спорттық сайыстар ұйымдастырылды. Сондай-ақ ауданның барлық мектебінде осындай ауқымды іс-шара өткізілді.
«Туберкулез ауруының алдын алу» туралы парақшалар мен кітапшалар таратылды.

Б.ЖАНӘЛІ
31 наурыз 2018 ж. 2 110 0