Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАҢАРҒАН САЛАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАР

ЖАҢАРҒАН САЛАДАҒЫ ЖАҢАШЫЛ БАСТАМАЛАР

 
Қазалы ауданының әкімі М.Ергешбаевтың ел алдындағы есебі  Сарбұлақ ауылдық округінде өтті.
    Аудан басшысы кездесуде білім саласында атқарылған жұмыстардың барысына тоқталды. Өткен жылы ауданда апатты мектептер мәселесі толығымен шешілген. Майдакөл, Бірлік, Лақалы, Шәкен, Шилі елді-мекендерінен 5 жаңа мектеп салынды.
    Оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Әйтеке би кентіндегі 5 квартал аймағынан 300 орындық мектеп салынуда. Материалдық-техникалық базаны нығайтуда біршама жұмыстар атқарылған. 2017 жылы 3 мектеп-лицейді, гимназияны және оқушылар үйін робототехника кабинетімен жабдықтауға 14,6 млн. теңге бөлініп, сатып алынған.
    Оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бағытында 20,7 млн. теңгеге бейнебақылау камералары алынып, 23 мектепке орнатылды.
    2016-2017 оқу жылында ҰБТ тапсырған 458 оқушының 433-і жоғарғы оқу орындарына оқуға түссе, оның 326-ы (72%) мемлекеттік білім беру грантының иегері атанды.
    Кездесу барысында тұрғындар ұсыныс-пікірлерін жеткізе отырып, аудан әкімінің өткен жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы міндеттер туралы есебіне оң баға беріп, ризашалықтарын білдірді.
    Аудан әкімі кездесуге жиналған халықтың сұрақтарына толыққанды жауап беріп, алдағы уақытта аталған мәселелерді ауыл әкімі халықпен бірлесе отырып шешетіндігін жеткізді.
23 қаңтар 2018 ж. 1 211 0