ТҰРМЫСТАҒЫ ТІЛ ТАЗАЛЫҒЫ
Жалпы қазақ қоғамында бұрыннан келе жатқан сөйлеу лексиконында сан түрлі қолданыс жүйесі қалыптасқан. Әр өңірдің орналасуына тұрғылықты жеріне байланысты диалект сөздердің жиынтығы өз алдына дараланып шығады. Белгілі бір затты немесе бұйым, жергілікті атаудың өзіндік қолдану ережесі сөйлеу мәнеріне еніп кеткен. Осы орайда, сөздің бұзылуына жол беру арқылы күнделікті әңгіме барысында тіліміздің шұбарлануына жол бермеу керектігі айтылып келеді. Тілімізге жатық сөздің аясын кеңейтіп, құлаққа түрпідей естілетін сөзден арылу парыз.
Батыс, шығыс, оңтүстік, солтүстік, орталық аймақ тұрғындары өзара әңгімелесу барысында жеке тұрғылықты жеріне байланысты сөзді атап көрсету дәстүрге айналған. Қарапайым мысал ретінде жоғарыда аталған аймақтардан келген кез-келген азаматты үлкен шағын аумақтағы көше бойында көрші атанса, көп ұзамай бір-бірімен тілдесе отырып, өзгеше бұрмаланған ортақ тілді тудырады. Жақын, еркін араласып кеткен ұғымы бөлек тілді сіңіре отырып, кез-келген адамды екіұдай ойға қалдыратыны сөзсіз. Нағыз таза қазақы тілімізді сақтауда бойымыздағы кемшілікті болдырмауды қолға алған тіл мамандары күн сайын дабыл қағу үстінде. Тұрмыста қолданып жүрген кейбір сөздер жиынтығының айтылу формасы мен ережесі бар екенін филолог мамандар зерттеу жүргізу арқылы дәлелдеген.
Қарапайым екі адам арасындағы диалог барысында көп қателік кететіні белгілі. Ашып айтқанда күнделікті өмірде сөз арасында өзге біреуге «туылған күніңмен», – деп жатамыз. Дұрысы туған күніңмен екенін ескерген жөн. Дәл осындай сөздік қорымыздағы рахметті – рақмет, көкеністі – көгеніс, таң қалуды – таңғалу, көбісіні – көбі, байқуатты – баққуат, жөргөкті – жөргек, дастарханды – дастарқан, аспазшыны – аспаз, шаштаразшыны – шаштараз, Йа, йя, я – иә, дид – дейді, ғо, қо – ғой, қой, жатырымды – жатырмын, рахатты – рақат, бүрсікүніні – бүрсігүні, немқұрайлыны – немқұрайды, ұсташыны – ұста секілді сөздің дұрыс қолдану нұсқасын ұсынып отырмыз. Бұдан бөлек кез-келген сөздің нақты айтылу жолын «емле кз» сайты арқылы көруге болатындығын жеткіземіз. Тағы да назар аударатын жайт үнемі айтылып жүрген кей терминнің аудармасы дұрыс еместігінде. Үнемі есеп-қисап жүргізгенде «пайыз» сөзін қолдану дәстүрге айналған. Незінде процент сөзінен қашпағанымыз жөн. Бұл халықаралық термин ретінде қолданыста жүрген сөз. Ал, жанұя сөзінің орнына күнделікті отбасы деген атауды пайлану да қажет. Осындай қазақ ұғымында қалыптасқан терминдердің ара-жігін ажырату мақсатында ғалымдар зерттеу жүргізіп келеді. Мұнда тұрмыстық, кәсіби, салалық қырынан терминнің дұрыстығы жөнінде халыққа кеңінен насихатталуы тиіс. Осы күні әлеуметтік желінің де өзінің тілі пайда болғаны рас. Адамдардың өзара сөйлесуінде де айтарлықтай қателіктер байқалады. Асығыс жазылатын сөйлесудің мына түрі «норм», «каксың?» «өз», «нест», «нестеватсын», «жакс» «слм» сияқты түсініксіз жаңа нұсқасы пайда болған.
Адам жанының азығы ретінде сөйлеу мәдениеті қалыптасқан жағдайда көпшілік түзелетіні анық. Өзіміз мән бере бермейтін сөздің қолданылуы дұрыстығына көз жеткізу тілімізге жанашырлық танытқанымызды байқатады. Әрқайсысымыз тіл тазалығына екпін берген жағдайда олқылықтың орны толтырылады.
Балтабай ОРДАБЕКОВ