БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСЫ
Соңғы жылдары атқарушы билік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды кеңінен ақпараттандыруда ресми органның баспасөз қызметі маңызды рөл атқаратынын уақыттың өзі дəлелдеді. Қазіргі таңда елімізде Президенттің, Премьер-министрдің, облыс жəне аудан əкімдіктерінің баспасөз қызметі қарқынды жұмыс жасауда. Осы ретте, Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі де аудан əкімі аппаратының негізгі құрамдас бөлігі ретінде қалыптасты.
Аудан əкімінің баспасөз қызметінің негізгі міндеті – аудан əкімінің төрағалығымен жəне қатысуымен өтетін мəжілістерді, жиналыстарды, іс-шараларды ақпараттандыру болып табылады. Сонымен бірге, әлеуметтік желілерде аудан жөнінде жарияланған мәліметтерді сараптап, теріс көзқарас қалыптастыратын жарияланымдардың алдын алуды қамтамасыз етеді және теріс жарияланымдарға заң аясында мемлекеттік мекеме атынан пікір білдіреді.
Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2011 жылғы 20 желтоқсандағы №409 бұйрығымен бекітілген «Ақпараттық технологияларды қолдану тиiмдiлiгiн бағалау әдістемесіне» сәйкес Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсы күнделікті орыс және қазақ тілінде жаңартылуда. Сырдария ауданы әкімдігінің ресми интернет-ресурсында 2018 жылы қазақ және орыс тілдерінде барлығы 559 жаңалық жарияланды. Яғни, 2017 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,1 есеге өсті немесе 292 жаңалыққа артты. Жаңалықтардың басым бөлігі аудан көлемінде атқарылып жатқан жұмыстар, аудан жетістіктері, іс-шаралар, аудан әкімінің құттықтаулары.
Аудан әкімі Ғ.Қазантаевтың тапсырмасына сәйкес, «Фейсбук» әлеуметтік желісінен «Сырдария ауданының әкімдігі» ресми парақшасы ашылып, бүгінде аталған парақша тұрақты жұмыс жасауда. Ауданның оң имиджін қалыптастыру бағытында аталған парақша арқылы күнделікті ауданда өткізіліп жатқан ауқымды іс-шаралар фотосуреттерімен бірге жариялануда.Сонымен бірге, жұмыстарды ашықтыққа, қолжетімділікке негіздеу мақсатында «Open Syrdaria» парақшасы ашылып, қолданысқа енгізілді. Парақшаға жауапты маман бекітіліп, әлеуметтік желі қолданушылары тарапынан жарияланатын сұрақтар мен ақпараттар бақылауға алынды.
Аудандағы жүйелі жұмыстарды кеңінен ақпараттандыру мақсатында бүгінде аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме, кент және ауылдық округ әкімдіктерінің де «Фейсбук» әлеуметтік желісінде ресми парақшалары ашылды. Аудан әкімінің хаттамалық тапсырмасына сәйкес, барлық бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне әлеуметтік желідегі ресми парақшаға жауапты мамандардың бекітілгені жөнінде бұйрық, өкім көшірмелерін аудан әкімінің баспасөз қызметіне өткізу жөнінде тапсырма берілді. Бүгінде барлық бөлімдер мен ауыл әкімі аппараттарында жауапты мамандар бекітіліп, олар күнделікті аудан әкімінің баспасөз қызметіне хабарласып, тиісті бағыт-бағдар берілуде. Аудан әкімдігіне қарасты барлық бөлімдер мен ауылдық округ әкімі аппараттары әлеуметтік желі арқылы өз салалары бойынша жаңалықтарды тұрақты жариялануда.Әрбір мекеме жарияланатын жаңалықты сапалы фотосуреттерімен бірге аудан әкімінің баспасөз қызметіне алдын-ала жіберіп, қателері түзетілгеннен кейін әлеуметтік желіде ақпараттандырылуда.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі тарапынан әлеуметтік желімен дұрыс жұмыс жүргізбеген бөлімдер мен ауыл әкімі аппараттарына аппарат басшысының атынан хат жолданып, кемшілік жіберген аудандық ауылшаруашылығы, жер қатынастары, дене шынықтыру және спорт бөлімдерінде және Н.Ілиясов, Жетікөл, Іңкәрдария ауылы әкімі аппараттарында жиналыстар өтті. Жиналыстың күн тәртібінде әлеуметтік желімен жұмыс жүргізуге өкім, бұйрықпен бекітілген жауапты маманның жауапкершілігін көтеру мәселесі қаралды.
2018 жылдың көлемінде «Фейсбук» әлеуметтік желісі арқылы ауданға тікелей қатысты 5 сауал қойылды. Барлық сауалдар назарға алынып, уақытылы жауап берілді және Заң аясында тиісті түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жарияланымдарға қатысты мекеменің бірінші басшысына нақты іс-шаралар қабылдау жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Аудан әкімінің баспасөз хатшысы 2018 жылы барлығы 2 оқыту семинарына, 1 тренингке және баспасөз хатшыларына арналған 1 курсқа қатысты. Атап айтқанда, 2018 жылдың 6-8 маусым күндері Алматы қаласында өткен «Медиатур» аясында халықаралық семинарға, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы А.Жолдыбалинаның «Әлеуметтанулық деректерді талдау мен интерпретациялау» тақырыбындағы семинар-тренингіне, 2018 жылдың 7 қараша күні «Digital media: мүмкіндіктер және тәжірибе» атты «Ulys» цифрлық журналының бас редакторы Е.Қалымбайдың семинарына және республикалық»El.kz» сайтының бас редакторы, халықаралық «MediaNet» журналистер орталығы жанындағы «Mediaschool» үйлестірушісі Б.Орынбетованың баспасөз хатшыларына арналған курсына қатысып, сертификаттар алды.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі алдағы уақытта аудан әкімінің төрағалығымен өтетін аппарат мәжілістерін, жиналыстарды, кездесулерді және аудандағы маңызды қоғамдық-саяси, мәдени-көпшілік іс-шараларды бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желіде ақпараттандыру бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жүргізе береді. Сондай-ақ, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарымен әріптестік бағытта тығыз қарым-қатынас орнатып, баспасөз саласында ауданның оң имиджін қалыптастыруды қамтамасыз етеді.
Айта кету керек, аудан әкімінің баспасөз қызметінің жемісті жұмыс жасауына облыстық «Сыр бойы», «Кызылординские вести», «Ақмешіт жастары» және аудандық «Тіршілік тынысы» газеті мен «Қызылорда ньюс» интернет порталы ерекше ақпараттық қолдау көрсетуде. Аудан әкімінің баспасөз қызметі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне зор алғыс айтады.
Ақтөре ИБРАГИМҰЛЫ,
аудан әкімінің баспасөз хатшысы