Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » СЫРДАРИЯДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

СЫРДАРИЯДА МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ КҮНІ МЕРЕКЕСІ КЕҢ КӨЛЕМДЕ ТОЙЛАНДЫ

 
Кеше серпінді Сырдария ауданында медицина қызметкерлері күні кəсіби мерекесіне жəне денсаулық сақтау саласының ардагері, қоғам қайраткері Софья Мақашеваның 95 жылдығына орай мерекелік іс-шара өтті.
Аудан əкімдігінің қолдауымен ұйымдастырылған шараға денсаулық сақтау саласының ардагерлері, дəрігерлер жəне аудан тұрғындары мен қонақтары қатысты.
Мəртебелі меймандар алдымен аудандық емхана жұмысымен танысты. Мұнан кейін Тереңөзек кентіндегі дендросаябақта мерекелік іс-шара бастау алды.
Шарада аудан əкімі Ғ.Қазантаев пен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Əлназарова құттықтау сөз сөйледі.
Дені сау ұрпақ қалыптастырудың жəне тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетудің басты мақсат екенін айтқан аудан басшысы денсаулық сақтау саласының ардагері, қоғам қайраткері Софья Мақашеваның сала жұмысын дамытуда еңбегі ерен екенін атап өтті. Сондай-ақ, денсаулық сақтау саласын дамытуға мемлекет тарапынан көптеген қолдаулар көрсетіліп жатқанын жеткізді.
Өз кезегінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Əлназарова медицина қызметкерлері күні кəсіби мерекесіне орай ауқымды іс-шара ұйымдастырғаны үшін сырдариялықтарға алғысын білдірді.
Шара барысында денсаулық сақтау саласы ардагерлеріне жəне жемісті жұмыс жасап келе жатқан қызметкерлерге облыс əкімінің, облыстық денсаулық сақтау басқармасының "Құрмет Грамотасы", аудан əкімінің "Алғыс хаттары" мен гүл шоқтары берілді.
Сонымен бірге, денсаулық сақтау саласының ардагерлері Ернияз Омаров, Əскербек Төреекев, Тұрғанбай Маханов, Рүмтем Садықов жəне Раиса Əбдешқызылар сөз сөйлеп, медицина саласын дамытуға қолдау білдіргені үшін атқарушы билік өкілдеріне ризашылығын білдірді. Аталған ардагерлерге аудан əкімінің атынан құрмет көрсетіліп, иықтарына шапан жабылды.
Шара барысында "Амбулатоиялық-емханалық қызметі"Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері Нұржамал Мырзағалиева "Ленин, "Еңбек Қызыл Ту" ордендерінің иегері, КСРО денсаулық сақтау саласының үздігі, Сыр өңірі денсаулық сақтау саласын 30 жыл басқарған Софья Мақашеваға Тереңөзек кентінен көше беру туралы қоғамдық кеңес шешімін оқыды.
Соғыс жəне еңбек ардагері Яхия Тасыров жиналғандарға ақ батасын берді.
Шара барысында спорттық жарыстар өткізілді жəне жеңімпаздар марапатталды. Аудан өнерпаздары дəрігерлердің еселі еңбегін айшықтайтын əндер орындады.
Ақтөре Ибрагимұлы,
аудан əкімінің баспасөз хатшысы.
17 маусым 2018 ж. 1 877 0