БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ КЕҢЕЙТІЛГЕН МӘЖІЛІСІ ӨТТІ
Кеше аудан әкімінің төрағалығымен аудан әкімінің баспасөз қызметінің кеңейтілген мәжілісі өтті.
Мәжілістің күн тәртібінде негізгі бір мәселе қаралып, жиынға дербес бөлім басшылары, кент және ауылдық округ әкімдері, әрбір мекеменің әлеуметтік желімен жұмысқа жауапты мамандары қатысты.
Кеңейтілген мәжілісте аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимұлы аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдердің, кент және ауылдық округі әкімі аппараттарының әлеуметтік желідегі ресми парақшаларының жұмысы туралы хабарлама жасады.
Сонымен бірге, атқарушы билік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстарды әлеуметтік желілер арқылы тұрақты түрде ақпараттандырудың маңызды екенін айтты.
Алдағы жоспарлармен бөлісіп, әрбір мекеменің әлеуметтік желімен жұмысқа жауапты мамандары үшін алдағы уақытта арнайы семинарлар ұйымдастырылатынын жеткізді.
Мәжіліс соңында бөлім басшыларына, кент және ауылдық округ әкімдеріне бірқатар тапсырмалар берілді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.