Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ

АУДАН АРДАГЕРЛЕРІ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫНЫҢ ДАМУЫНА ЖОҒАРЫ БАҒА БЕРДІ


"1 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні" мерекесіне орай "Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасында салтанатты іс-шара өтті.
Салтанатты шараға аудан ардагерлері, ауылдық ардагерлер жəне Қоғамдық кеңес төрағалары мен мүшелері, үкіметтік емес ұйым жетекшілері, денсаулық сақтау саласының мамандары, БАҚ өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында аудан əкімінің кеңесшісі Б.Өтегенова, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Х.Əбенұлы, "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Жақып, еңбек ардагерлері Ұ.Жаналиева, Н.Оразбеков, Қ.Əбілқасымов, Ж.Ерташовтар құттықтау сөз сөйледі.
Шара барысында ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосқан сала мамандары "Нұр Отан" партиясы Сырдария аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарының "Алғыс хатымен" жəне денсаулық сақтау саласы кəсіподақ комитетінің "Құрмет Грамотасымен" марапатталды.
Сонымен қатар, мереке құрметіне орай əсем əндер айтылды. Соғыс жəне еңбек ардагері Я.Тасыров жиналғандарға ақ батасын берді.
Шара аясында ардагерлер ауданның денсаулық сақтау саласында жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстармен танысты.
"Амбулаториялық-емханалық қызметі бар" Сырдария аудандық орталық ауруханасының бас дəрігері Н.Мырзағалиева жаңадан ашылған қабылдау бөлмесімен, өңірлендірудің ІІ деңгейіне өткен перзентханамен жəне басқа да қызметтік бөлмелермен таныстырды.
Айта кету керек, аудан ардагерлері ауданның денсаулық сақтау саласының дамуына жоғары баға беріп, ақ халатты абзал жандардың жұмысына жеміс тіледі.

Сырдария ауданы əкімінің баспасөз қызметі
01 желтоқсан 2018 ж. 1 065 0