Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ

ОБЛЫСҚА ЖОЛДАМА АЛДЫ


   Жақында Сырдария аграрлы-техникалық колледжінде «WorldSkills Kazakhstan - 2019»   колледжішілік   жарыс өткізілді. Байқауды облыстық оқу орталығының әдіскері Ұ.Танмамбет ашып, қатысушыларға байқаудың мақсатын түсіндіріп, сәттілік тіледі. Байқау үш құзіреттілік бойынша өтті.
    Бірінші дәнекерлеу технологиясы  бойынша жарысқа бес білім алушы қатысып, әлеуметтік серіктес мекемелерінің сарапшыларының шешемімен Мерлан Айтбаев облыстық жарысқа жолдама алды. екінші «Аспаз ісі» бойынша бес білім алушы қатысып, жеңіске Дышкант Любовь жетті. Үшінші «Сән технологиясы» құзіреттілігі  бойынша бес білім алушының ішінен Раппазадаева Камшат пен Жапбарова Гүлсая жетіп,  барлық жеңімпаздар облыстық жарысқа жолдама алды.
Г.ӘЛЖАНОВА
21 ақпан 2019 ж. 734 0