Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » БІЗДЕ ДЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАР БАР

БІЗДЕ ДЕ ӨНЕРТАПҚЫШТАР БАР



Үстіміздегі жылдың 3 қарашасында М.Ықсанов атындағы политехникалық колледжінің базасында облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарының  арасында «Кәсіптік білім және бизнес: Әріптестер сұхбаты» VII облыстық кәсіптік форумы өтті. Еңбек форумының ең басты мақсаты – кәсіптік білім беру саласын дамыту.
Форум жұмысына меншік нысанына қарамастан Қызылорда облысының техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне қарасты барлық оқу орындары қатысты.
Сырдария аграрлы-техникалық колледжінен оқу орындарының кәсіби білім беру бағытындағы ерекшелігін айқындайтын  «Бағдарлы байқау» көрмесіне колледждің ауылшаруашылық өнімдері және колледждің өндірістік оқу шебері А.Қожахованың қалдықтардан жасалған бұйымдары, «Аралдың жаңғыруы» атты киімдер топтамасы, құрақ көрпешелер,  І курс білім алушысы Ералханұлы Арнұрдың   «Саяжайда демалуға арналған жиһазы», ІІІ курс білім алушысы Бауыржанұлы Асылжанның   «Саяжай соқасы» қойылды.   Білім алушылардың «Жас өнертапқыш-2018» техникалық шығармашылық жетістіктерінің байқау көрмесіне ІІІ курс білім алушысы Ыдырысов Мағжанның «Механикалық май айыратын және айран пісетін күбісі» қатысып, «Жас талап» номинациясымен марапатталды. Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарының әдістемелік-шығармашылық байқау көрмесінен колледж әдіскері Ш.Баяханова  дайындаған көрмеден І орынға ие болдық. «Үздік әдістемелік қызмет-2018 » облыстық байқауынан ІІІ орынға ие болып, жалпы алғанда барлық кезкңдерден колледж ІІ орынды иеленді.
Жеңімпаздар айқындалып дипломдарымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.
Г.ӘЛЖАНОВА
07 қараша 2018 ж. 1 351 0