Білек күші сынға түсті
16 жеклтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай аудандық білім бөлімі мен аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен жасөспірімдер және жастар арасында қол күрестен аудандық біріншілік өткізілді. Жарысқа аудан мектептерінен оқушылар мен әуесқой спортшылар қатысты.
Аудан біріншілігін аудандық білім бөлімінің әдіскері С.Үсенов, аудандық спорт бөлімінің әдіскері Ж.Өмірбаев ашып, айтулы мерекемен құттықтады. Сондай-ақ, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі. Бас аяғы 9 команда қатысқан қол күрес жарысында бәсеке жоғары болды. Командалық есепте бірінші орынды №137 орта мектеп, екінші орынды агроколледж, үшінші орынды №130 орта мектеп еншіледі. Бас төреші Ж.Өмірбаев, бас хатшы Е.Келдібайұлы, төрешілер А.Нәрікбаев, Ғ.Сейілхановтар жарыстың әділ өтуіне жетекшілік етті. Білек күшіне сенген спортшылар алдағы уақытта аудан атын танытып, жоғары дәрежедегі жарыстарға баруға ниетті.Осылайша жеңімпаз атанған жас спортшылардың сәттілік серігі болғай.
«Тт»-ақпарат
Пікір 2