Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 газет

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 газет

09 желтоқсан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
» » ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

ОБЛЫСТЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Арал ауданында 10 сәуірде басталған 2003-2004 жылғы жасөспірімдер арасында футболдан «Былғары доп» республикалық лигасының облыстық іріктеу жарысы мәресіне жетті. 

«Жанар и К» толық серіктестігінің директоры, аудандық мәслихаттың депутаты болған Алмат Аманұлы Балшамбаевты еске алуға арналған турнир қорытындысы бойынша Арал ауданының командасы жеңімпаз атанып, Астана қаласында үстіміздегі жылдың 16-24 мамыры аралығында өтетін республикалық жарысқа жолдама алды. Ал, II-орын Қазалы ауданы, №249 мектеп-лицейінің командасына бұйырса, III-орынды Сырдария ауданы, №210 орта мектебінің командасы иеленді.
Сонымен қатар, турнир барысында үздік ойын көрсеткен қатысушылар бірқатар номинациялармен марапатталды. Атап айтқанда, «Үздік шабуылшы» - Сұлтанбек Дияс, Жалағаш ауданы, «Үздік қақпашы» - Айтбаев Дулат, Сырдария ауданы, «Мерген шабуылшы» - Қайратбек Дияс, Қазалы ауданы, «Үздік қорғаушы»  - Айдарбай Асылхан, Қазалы ауданы, «Үздік жартылай қорғаушы» - Алданов Бекарыс, Арал ауданы.
13 сәуір 2018 ж. 1 334 0