Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ

АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ


Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында ауданның
2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде БАҚ өкілдеріне арнап брифинг өткізді. Атқарылған жұмыстар кеңінен айтылып, алда тұрған мақсат-міндеттер сараланған бринфингке өңірдегі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен блогерлер қатысты.
Брифинг барысында аудан әкімі Ғ.Қазантаев Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сарабдал саясаты негізінде аудан дамудың даңғыл жолына түскенін атап өтті. Сонымен бірге, 2018 жылға жоспарланған межелі міндеттердің жоғары деңгейде орындалғанын айтты.
– 2018 жылы аудандық бюджеттің түсімі 8 млрд.316 млн.теңге көлемінде қалыптасты. Оның ішінде 4 млрд.374 млн.теңге өз кірістеріміз. 2018 жыл қорытындысымен бюджет шығыстары 99,9 пайызға орындалды. Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің шығындар жоспары 1 млрд.103 млн.теңгеге немесе 100 пайызға атқарылды. Өткен жылы ауданымыз үшін өте маңызды құжат – 2019-2021 жылдарға арналған ауданның бюджеті қабылданды. Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан біздің 2019 жылғы басты мақсатымыз – барлық әлеуметтік міндеттемелердің уақытылы орындалуы, халықтың жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы болып қала береді,-деді аудан әкімі.
Аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайтудың қазіргі таңдағы негізгі бағыты кәсіпкерлік саласын дамыту екені белгілі. Сырдария ауданында бұл бағытта жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Брифинг барысында аудан басшысы 2018 жылы ауданда 2115 шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері тіркелгенін, бұл көрсеткіш 2017 жылмен салыстырғанда 19,3 %-ға  артқанын атап өтті.
– Кәсіпкерлік саласын дамыту – біздің басты бағытымыз. Қазіргі таңда аудан бойынша жұмыс жасап тұрған кәсіпкерлік субъектілеріне тіркелгендердің үлесі 86,7 пайызды құрап, 5284 адам жұмыспен қамтылып отыр. Аудан тұрғындарын жаппай кәсіпкерлікке тарту мақсатында Сырдария ауданының кәсіпкерлікті дамыту «Жол картасы» бекітілді. Аудандық кәсіпкерлік палатасы арқылы 152 адам «Бизнес-Кеңесші» курсын оқыса, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 170 адам оқытылды,-деген аудан әкімі бұл бағыттағы жұмыстар ағымдағы жылы да жалғасатынын жеткізді.
Баспасөз брифингінде аудан басшысы Ғ.Қазантаев аудан экономикасын өрге сүйрейтін негізгі салалардың даму барысына кеңінен тоқталды.
– «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудыңмемлекеттік  бағдарламасының бірінші бағыты бойынша 2018 жылы 684,6 млн. теңгенің 10 жобасы қаржыландырылды. Осы бағдарламаның гранттық қаржыландыру тетігі бойынша жалпы құны 21,8 млн.теңге құрайтын 28 жоба қаржыландырылды. Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай  кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттікбағдарламасының  екінші  бағыты бойынша құны 538,7 млн.теңгенің 183 жобасы қаржыландырылып, 201  жұмыс орындары ашылды. Олардың  басымбөлігі мал басын көбейту, бордақылау, монша ашу, қажетті  техникалардыалу  секілді жобаларды  қамтиды. Осы бағдарлама аясында жаңа бизнес идеяларды іске  асыру мақсатында 60 адам 240 500 теңгеден 14,0 млн.теңге көлемінде мемлекеттік гранттар ұтып алды. «Микробизнес Қызылорда» бағдарламасы бойынша Өңірлік инвестициялық орталығынан 94,3 млн.теңгенің 29 жобасы қаржыландырылды,- деген Ғанибек Қонысбекұлы агроөндірістік секторда да дамудың өсу тенденциясы байқалатынына назар аударды.
Елбасы халыққа арнаған Жолдауында еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есеге көбейту қажеттігін міндеттеді. Ауыл шаруашылығы саласы бойынша өндірілген өнім2018 жылдың қорытындысы бойынша 12 млрд.148 млн.теңгені құрап, 3,8 пайызға өсті. Аудан бойынша 20874 гектар күріш дақылынан 53,0 центнерден өнім алынып, барлығы 111 158 тонна астық жиналды. 2019 жылдың егісіне барлығы 5 180 тонна күріш тұқымы құйылды. Егін шаруашылығын субсидиялау бағдарламалары бойынша бюджеттен ауыл шаруашылығы құрылымдары 782 млн.теңге қаржыны игерді. Шаруашылық құрылымдары «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамынан лизинг арқылы 1 млрд. 252 млн.теңгеге барлығы 32 ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алды. Ауданда 33 722 бас мүйізді ірі қара, 27 196 бас қой мен ешкі, 14 508 бас жылқы, 1 278 бас түйе, 13 236 бас құс бар. Төрт түлік мал басы 2017 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара 101,4 пайызға, қой мен ешкі 103,5 пайызға, жылқы 105,6 пайызға, түйе 107,7 пайызға, құс  91,6 пайызға орындалды. Есепті кезеңде аудан бойынша барлығы 3901 тонна ет, 6846 тонна сүт, 179 мың дана жұмыртқа өндірілді. 2017 жылмен  салыстырғанда ет өндіру 1,6 пайызға, сүт 1,7 пайызға, жұмыртқа 4,0 пайызға өсті. 2018 жылы ауданда «Агробизнес» бағдарламасы бойынша 16 шаруашылық құрылымдары 103 миллион теңге несие алып, 287 бас аналық сиыр, 13 бас асыл тұқымды бұқа,136 бас аналық жылқы, 12 бас асыл тұқымды айғыр малдарын сатып алды. Ауданда «Сыбаға» бағдарламасы бойынша 4 шаруашылық құрылымдары 252 миллион теңге несие алып, шетелден  504 бас асыл тұқымды мүйізді ірі қара малдарын сатып алу жұмыстарын жүргізуде,- деді аудан әкімі.
Жерді тиімді пайдалану, мақсатсыз пайдаланылған жерлерді мемлекет меншігіне кері қайтару жұмыстарында да оң нәтиже бар. Мәселен, 2018 жылы аудан бойынша пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылған 1122,6 гектарды құрайтын 15 жер учаскесі аудан әкімдігінің қаулысымен мемлекет меншігіне қайтарылды. Аудан басшысы брифинге бұл жұмыстарға да толығырақ тоқталды және ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар мен диагностикалық зерттеулердің сапалы жүргізілуі әркез маңызды екенін атап өтті.
– 2018 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларға барлығы 72 млн.678 мың теңге қаржы бөлініп, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар және диагностикалық зерттеулер 100 %-ға орындалды. Аудандық бюджеттен 6 млн.307 мың теңге қаржы бөлініп, 6 түрлі ауруға қарсы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар толық іске асырылды,- деді аудан басшысы.
Өткен жылы сырдариялық мектеп бітіруші түлектер 100 % оқу орындарына түсті. Яғни, бiлiм сапасын арттыру бойынша жүргiзілiп жатқан жұмыстар өз нәтижесін беруде.
Аудан мектептерінің орта мектеп курсын 2017-2018 оқу жылында 338 оқушы бітіріп, 216 түлек  ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты. Ұлттық бірыңғай тесткеқатысқан  216 мектеп бітіруші түлектің 180-і мемлекеттік білім беру грантын иеленіп, облыс бойынша І орынды иелендік. Қалған мектеп бітірушілер облыс әкімінің грантын иеленіп, ақылы негізде оқу орындарының студенті атанып, нәтижесінде барлық бітірушілер оқу орындарына түсті. 2018  жылы 20 оқушы «Алтын белгі», 11 оқушы «Үздік аттестат» иеленді. Инновациялық мектеп лицейлердің желісін көбейту мақсатында №129 Ә.Жәмішев атындағы орта мектебіне мектеп-лицей статусы берілді. 2017-2018 оқу жылында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық пән олимпиадасының облыстық кезеңіне ауданнан 16 оқушы қатысып, 11-і жүлделі орын алып, аудандар арасында І орынға ие болдық. Мұндай жоғары көрсеткіштерге жетуімізге аудан орталығындағы «Жалын» тынығу лагерінің жыл бойы үздіксіз жұмыс жасап, үлкен мүмкіндік жасалғаны негіз болды,- деген аудан басшысы мектептердің материалдық  инфрақұрылымын нығайту мақсатында 2018 жылы 83 млн.289 мың теңгеге физика, химия, биология, робототехника, 3D лаборатория, цифрлы білім беру кабинеттері алынғанын жеткізді.
Ауданның мәдениет, спорт, денсаулық салаларында да жақсы жетістіктер бар. Атап айтқанда, 2018 жылдың қорытындысымен аудан өнерпаздары 6 халықаралық, 12 республикалық байқаулардың бас жүлдесін жеңіп алды. Аудан бойынша барлық ауылдық кітапханалар «Модельді кітапхана» статусын иеленген. Сонымен қатар, Тереңөзек кентінен "Сoworking" орталығы ашылды. Ал, халықты дене шынықтыру және спортқа тарту мақсатында барлығы 130 нысан қызмет көрсетеді. Аудан бойынша оқушылар және тұрғындарды қоса есептегенде 10992 спортшы жүйелі спортпен айналысуда. Бұл халыққа шаққанда 28,3 %-ды құрайды. Әлеуметтік саланың жарқын жетістіктерін атап өткен аудан әкімі денсаулық сақтау саласы – әлеуметтік саладағы ең басым бағыт екенін айтты.
– Халыққа сапалы медициналық қызмет көрсету – біздің басты мақсатымыз.  2018 жылы аудандық орталық ауруханада 5 жаңадан бөлімше ашылды. Олар қабылдау, ауданаралық оңалту, ауданаралық паллиативті көмек көрсету, гинекология және ІІ деңгейдегі перзентхана бөлімшелері. Аудандық перзентханаға облыстық перинаталдық орталықтан білікті акушер-гинекологтар тартылып, қазіргі таңда облыс орталығында жасалатын оталар ауданда жасалуда. «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында емханаға 7 дәрігер ауданға тартылып, дәрігерлермен қамтылу көрсеткіші 95%-ға жеткізілді. Аурухананың техникалық базасын нығайту мақсатында облыстық бюджеттен қаржы бөлініп, СМАД, холтер, 3 санитариялық  автокөлік және цифровизация аясында 127 компьютер, 3 терминал алынды. Медициналық құрал-жабдықтармен қамту көрсеткіші 80,1 пайыздан 87,2 пайызға көтерілді. Аманкелді, Бесарық, Шіркейлі, Шаған, Н.Ілиясов, Іңкәрдарияда тұрғындарды дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында дәріханалар ашылды. Медициналық көмектің қолжетімдігін арттыру мақсатында тар буынды мамандар, жылжымалы флюроавтокөлік және жылжымалы стоматологиялық топ жыл бойы елді мекендерге шығып халыққа медициналық көмек көрсетті,- деді аудан әкімі.
Қылмыстар мен қылмыстың алдын алу жөніндегі жұмыстар да басым маңызға ие болып қала береді. Брифингте аудандағы криминогендік жағдай тұрақты екенін айтқан аудан әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылы аудан көлемінде 284 қылмыс тіркеліп, 2017 жылмен салыстырғанда 12,1 пайызға төмендегенін мәлімдеді. Оның ішінде мал ұрлығы 33 пайызға, есірткі қылмыстары 46,7 пайызға кеміген.
– 2018 жылы аудан бойынша 59 мал ұрлығы қылмысы тіркеліп,  оның  34-і ашылды. Жол полиция саласы бойынша өткен жылы аудан көлемінде 22 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 14 адам қайтыс болған. Малдардың жолдан шығып кету себебінен 29жол-көлік оқиғасы орын алды. Өткен жылы аудан әкімдігі нашақорлық және есірткі бизнесіне қарсы ардагерлер, қоғамдық кеңестер, үкіметтік емес ұйымдармен, құқық қорғау органдармен бірлесіп, форум өткізді,-деген аудан басшысы қоғамдағы құқықбұзушылықтың алдын алу мен болдырмау үшін жастарға рухани тәлім-тәрбие берудің маңызды екенін айтты.
– Азаматтық қоғам – аудан дамуының алтын арқауы. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында аудан орталығы Тереңөзек кентінде «Туған жер» бағдарламасы аясында «Сырдария ауданының Құрметті азаматтарына» арналған аллея, аудандық музейдің «Еңбек даңқы залы», «Парасат алаңы» салтанатты түрде ашылды. «Жастар  жылына» орай ауданымызда жастарды қолдау бағытындағы шаралар жалғасын тауып, ауқымды жұмыстар атқарылатын болады. 2018 жылы 10 әлеуметтік жобаға  барлығы 22 млн  323 мың теңге бөлініп, есепті кезеңге аудандағы үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, түрлі форматта 298 шара өткізді. Аудандық қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысымен 2016 жылы Тереңөзек кентінде асар әдісімен 2 көпір салынса, 2018 жылы бұл игі іс жалғасын тауып, Тереңөзек кентіндегі «Қаракөл» каналына асар әдісімен тағы бір көпір салынды. Алдағы уақытта Майжарма каналына А.Әлиакбаров пен С.Усабаев көшелерін қосатын көпірдіасар әдісімен салуды жоспарлап отырмыз,-деген аудан әкімі мемлекеттік саясатты ақпараттандыруда бұқаралық ақпарат құралдарының маңызы зор екенін айтып, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын баспасөз арқылы халыққа насихаттап жүрген  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне аудан халқының атынан алғыс айтты.
Брифинг соңында аудан әкімі бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерінің бірқатар сұрақтарына жауап беріп, 2019 жылы атқарылуы тиіс жоспарларымен бөлісті.
Ақтөре Ибрагимұлы,
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

01 ақпан 2019 ж. 682 2

Гость JeaOrer от 16 ақпан 2019 08:55
Prix Du Viagra Pfizer cialis without a doctor's prescription Generic Propecia Accutane Methylprednisolone

Гость JeaOrer от 6 наурыз 2019 09:56
Real Generic Dutasteride Cod Only viagra Prezzo Viagra 100 Mg Precio Cialis Original Buy Levitra?20mg