АТҚАРЫЛҒАН ЖҰМЫС АУҚЫМДЫ
Бүгін облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында аудан әкімі Ғ.Қазантаев 2018 жылдың І-жартыжылдығы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнап баспасөз брифингін өткізді.
Брифингте аудан басшысы ағымдағы жылдың 6 айында атқарылған жұмыстар ауқымды екенін айтып өтті. Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде барлық маңызды салалар бойынша дамудың оң динамикасына қол жеткізілгенін атап өткен аудан әкімі аудан тұрғындары мен еңбеккерлері 90 жылдық мерейлі мерейтойды табысты да мерекелі көңіл-күймен қарсы алғанын жеткізді.
– 2018 жылға арналған аудандық бюджеттің түсімдері 7,5 млрд. теңге, оның ішінде өз кірістері 5,0 млрд.теңге көлемінде бекітілді. 2018 жылдың І жартыжылдық қорытындысымен аудан бюджетінің түсімдері 4,6 млрд. теңгеге немесе 101,8%-ға орындалса,өз кірістерінің болжамы 101,1%-ға орындалып отыр. (1,9 млрд. теңге).
Аудан бюджетінің шығындар жоспары ағымдағы кезеңге 100,0%-ға орындалды. Халық саны 2 мың адамнан асатын кент және 7 ауылдық округтердің 2018 жылға арналған бюджетінің кірістері 1 млрд. 56 млн.теңге көлемінде бекітіліп, 1 млрд. 73 млн. теңгеге нақтыланды,- деді аудан әкімі.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың І жартыжылдық қорытындысы бойынша аудан экономикасына 13,2 млрд. теңге инвестиция тартылғанын айтты. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 52,3 пайызға артық.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2