Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№69 газет

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 газет

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 газет

05 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » 2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАННЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАБЫЛДАНДЫ

2019-2021 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН АУДАННЫҢ БЮДЖЕТІ ҚАБЫЛДАНДЫ


2018 жылы аудандық бюджеттің түсімі 8 млрд. 316 млн. теңге көлемінде қалыптасты. Оның ішінде 4 млрд. 374 млн. теңге ауданның өз кірістері.

2018 жыл қорытындысымен бюджет шығыстары 99,9 пайызға (жоспарланғаны 8млрд.282 млн.теңге, атқарылуы 8млрд.275 млн.теңгені құрады) орындалды.

Жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінің шығындар жоспары 1 млрд.103 млн.теңгеге немесе 100 пайызға атқарылды.
Өткен жылы ауданымыз үшін өте маңызды құжат – 2019-2021 жылдарға арналған ауданның бюджеті қабылданды.

Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарамастан ауданның 2019 жылғы басты мақсаты – барлық әлеуметтік міндеттемелердің уақытылы орындалуы, халықтың жұмыспен қамтылуы және әлеуметтік тұрақтылықтың сақталуы болып қала береді.

Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
12 қаңтар 2019 ж. 1 092 0