Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Шығармашыл ұстаздар

Шығармашыл ұстаздар


«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты және облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен «Жаңақорған» шипажай базасында облыс көлемінде шығармашылықпен жұмыс жасайтын ұстаздардың қатысуымен «Тәжірибе алаңы» жобасы өткізілді.
Аталмыш жобаның мақсаты ұстаздардың шығармашылығына серпін беріп, педагогикалық біліктілікті арттыруды көздейді. Қашанда ұстаздар халық баласына білім нәрімен сусындатып қана қоймай, жан-жақты тәрбие беруге мүдделі. Негізінен аудан педагогтары «Алтын көмбе» танымдық ойынында І орынды, «Ауыл кеші көңілді» өнер кешінде ән, билерімен әзіл-шыны аралас көріністерімен өз өнерлерін ортаға салып «Сырдария»командасы ІІІ орынды иеленді.
«Оқыту әдістемесін жетілдіру жолдары (екі бағытта)» тақырыбында идеялар аукционында №210 орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Ж.Залова ІІІ орынды иеленсе, «Үздік ықшам сабақ-2019» байқауынан №37 мектеп-лицейінің ағылшын пәні мұғалімі С.Арысланова ІІІ орын иеленді. Жаңашыл ұстаздар «Құрмет грамотасы және «Алғыс хатпен марапатталды.


Балтабай Ордабеков
19 қаңтар 2019 ж. 1 078 0