Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№95 газет

02 желтоқсан 2023 ж.

№94 газет

28 қараша 2023 ж.

№93 газет

25 қараша 2023 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2023    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
» » ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДА ОҚЫТЫЛУДА

ЖАҢАРТЫЛҒАН МАЗМҰНДА ОҚЫТЫЛУДА


Аудандағы №36 Ә.Тәжібаев атындағы мектеп-лицейде бастауыш сынып мұғалімдері біліктіліктерін арттыру курсынан өтуде. Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен курстан 27 бастауыш сынып мұғалімі «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында қазақ тілінде оқытатын мектептердің бастауыш сынып мұғалімдерінің біліктілігін арттыру» тақырыбында 120 сағат лекция-сабақ тыңдайды. Курс жетекшісі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы акционерлік қоғамының филиалы Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының аға оқытушысы Г.Таласбаева. Тренердің айтуынша бастауыш сынып мұғалімдері жаңартылған білім беру мазмұнымен, өзгерістермен танысып, оқу-тәрбие кезінде қолданатын болады. Сондай-ақ  ұстаздар білім беру үрдісінде жаңа технологияларды пайдалануды және бағалау жүйесінің жаңа түрін игеретін болады. Жалпы Елбасы өзінің биылғы Жолдауында білім беру саласына ерекше мән беріп, мұғалімдерге жаңа міндеттер жүктеді. Негізгі бағыт ізденіске, шығармашылыққа, өмір бойы үйреніп, білім алуға бағытталған. Жас жеткіншекті талаптандырып, оны ғылыми ізденіске баулитын ұстаздардың негізгі міндеті де жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыру. Сондықтан аудан педагогтары осындай біліктіліктерін арттыру курстарынан жыл бойы түгелдей қамтылып, өтетін болады.
«Тт» ақпарат
26 ақпан 2018 ж. 1 302 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам