Құрылтай
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№58 газет

04 тамыз 2026 ж.

№57 газет

01 тамыз 2026 ж.

№56 газет

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
» » «ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ – 2018»

«ҮЗДІК ИНФОРМАТИКА ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ – 2018»


С.Сейфуллин ауылындағы  №137 орта мектепте «Үздік информатика пәні мұғалімі – 2018» атты мұғалімдер арасында байқау өтті. Ауданның 10 информатика пәнінің мұғалімі қатысқан сайыс 3 кезеңнен тұрды. Олар өзін-өзі таныстыру, ашық сабақ беру және мұғалім портфолиясы.

Байқау қорытындысымен бірінші орынды №131 орта мектебінің мұғалімі Ляззат Жанәлиева, 2-ші орынды №36 мектеп-лицей мұғалімі Айгүл Кушерова және 3-ші орынды №130, №129 орта мектеп мұғалімдері Ақбота Жақанова мен Лаура Байтоқаева иеленді. Барлық жеңімпаз мұғалімдерге білім бөлімінің басшысының дипломдары мен кәсіподақ ұйымының сыйлықтары тапсырылды.
Жаңа технология ғасырына қадам басқан мемлекетімізде білім саласына жүктелетін талап жоғары. Әсіресе, «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасын меңгертуде информатика пәнінің мұғалімдерінің біліктіліктері маңызды. Сайыс барысында мұғалімдер өз шеберліктерін көрсетіп, тәжірибе алмасты.
Б.ЖАНӘЛІ
07 наурыз 2018 ж. 3 282 0