Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » АУДАН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

АУДАН ЭКОНОМИКАСЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ


Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде есеп беру жиыны өтті. Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қаржы басқармасының басшысы Т.Жақыпбаев, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, бөлім, мекеме басшылары, ауылдық округ тұрғындары мен БАҚ өкілдері қатысты. Есеп беру жиынында Сырдария ауданының әкімі Ғанибек Қазантаев аудан экономикасы қарқынды дамып келе жатқанын айтып, кеңкөлемді есепті баяндама жасады. Былтырғы жылы жоспарлы жұмыстардың барлығы іркіліссіз іске асқанын атап өткен аудан басшысы ауданның барлық саласында дамудың оң динамикасы қалыптасқанын жеткізді. Сонымен бірге, соны серпілістерге толы ауданның әлеуметтік-экономикалық, рухани және мәдени салалары қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Жиын барысында 2017 жылы А.Тоқмағанбетов ауылдық округінде атқарылған жұмыстар жөнінде ауыл әкімі Ғ.Алданазаров баяндады. Ауылдық учаскелік полиция инспекторы Е.Әбілдаев қылмыспен күрес бағытында жүргізілген профилактикалық іс-шаралардың есебін берді. Жиын соңында аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, ауыл ардагері З.Сыздықова сөз сөйлеп, ауданды дамыту жолында жемісті еңбек етіп келе жатқан аудан әкіміне шынайы ризашылығын білдірді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.



19 қаңтар 2018 ж. 1 089 0