Топ-баннер
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№16 газет

28 ақпан 2026 ж.

№15 газет

24 ақпан 2026 ж.

№14 газет

21 ақпан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
232425262728 
» » ҚАЛЖАН АХУН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ҚАЛЖАН АХУН АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ


Сырдария ауданына қарасты Қалжан ахун ауылдық округінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2016 жылғы 5 ақпандағы Жарлығына сәйкес есеп беру жиыны өтті.
Жиынға облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы А.Әлназарова, облыстық мәслихат депутаты Р.Есенов, аудандық мәслихат хатшысы Е.Әжікенов, аудандық мәслихат депутаттары, мекеме, бөлім басшылары, ауыл тұрғындары және БАҚ өкілдері қатысты.
Есеп беру кездесуінде аудан әкімі Ғанибек Қазантаев былтырғы жылы атқарылған жұмыстардың есебін беріп, кеңкөлемді баяндама жасады. Межелі міндеттердің толықтай орындалғанын жеткізген аудан басшысы 
алдағы жылы кәсіпкерлік саласын дамытуға басымдық берілетінін айтты.
Есеп беру жиынында Қалжан ахун ауылының әкімі Н.Қарсақбаев пен ауылдық учаскелік полиция инспекторы Н.Мешітбаевтың 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебі тыңдалды.
Есеп беру жиынында ауыл ардагері Б.Дүйсенбаев сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебін жоғары бағалады. Сонымен қатар, еңбек ардагері Қ.Сырлыбаев ақ батасын берді.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
19 қаңтар 2019 ж. 1 781 0