Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордада «Түркістан» энциклопедиясы таныстырылды

Елордада «Түркістан» энциклопедиясы таныстырылды

Елордада «Түркістан» атты екі томдық еңбектің тұсаукесер рәсімі өтті. Жинақты бес жыл бойы 300-ден астам ғалым әзірледі. Жоба жетекшісі - академик Дархан Қыдырәлі. 880 беттен тұратын басылымда көне шаһардың ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі тарихы қамтылған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбекке археологиялық олжалар, сәулет ескерткіштері, әдебиет пен фольклорға қатысты материалдар енді. Бірқатар мақала тарихи тұлғалар мен географиялық атауларға арналды. Энциклопедияның алғашқы басылымы 1998 жылы жарық көрді. Содан бері Түркістан айтарлықтай өзгеріп, жаңа археологиялық деректермен толықты.

Сурет: ашық дереккөзден
26 қазан 2026 ж. 66 0