ЖОЛ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
2019 жылға республикалық бюджеттен Тереңөзек кентіндегі 135 га жерді құрайтын жаңа мөлтек ауданның инфрақұрылымын электрмен жабдықтауға 501,8 млн теңге бөлінді.
Сонымен қатар, аудандық маңызы бар «Қызылорда-Аэропорт-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жолының 12,5 шақырымын күрделі жөндеуге 401,5 млн теңге қаралды.
Ал, Бесарық ауылының кіреберіс 6 шақырымын күрделі жөндеуге 235,9 млн теңге бөлінді.
Бұл қаражаттардың жалпы сомасы 1 млрд.139 млн. теңгені құрайды.
Сондай-ақ облыстық бюджетке 2 млрд.237 млн. теңгенің 25 жобасы ұсынылды. Оның ішінде: Айдарлы ауылындағы ескі емхана ғимаратын балабақша ашу мақсатында қайта жаңғыртуға (78,3 млн. теңге), Амангелді ауылындғы №8 Айгүл балабақшасыны ғимаратын күрделі жөндеуге (81,3 млн теңге), кент орталығы мен ауылдардағы көшелерді орташа жөндеуге (1 млрд.792 млн теңге), Тереңөзек кентіндегі орталық алаңды, тұрғын үйлерді абаттандыруға және тұрмыстық қатты қалдықтарды салуға (284,9 млн теңге).
Аталған жобалар жыл көлемінде нақтыланған бюджеттен кезең-кезеңімен қаржыландырылатын болады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
Пікір 2