Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АПАТТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ

ОБЛЫС ОРТАЛЫҒЫНДАҒЫ АПАТТЫҚ ТҰРҒЫН ҮЙ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛДІ


2017 жылғы облыс дамуының негізгі бағыттары Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлт ¬жоспары – 5 институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» бағдарламасына негізделген. Сондай-ақ, «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты халыққа Жолдауына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына және де ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес қабылданған 2017 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарында белгіленіп отыр.
Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспарының негізгі мақсаты –  дағдарыс кезеңінің салдарын жеңу және дағдарыстан кейінгі дамуға қажетті әлеуметтік-экономикалық алғышарттарды құру.
Іс-қимыл жоспарына 320 іс-шара еніп, оның 70 пайыздан астамы толық орындалды. Ал, жүзеге асуы ұзақ мерзімді және тұрақты сипатқа ие іс-шаралар 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің Іс-қимыл жоспары шеңберінде жалғасады.
Аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын сипаттайтын және олардың нәтижесі жергілікті атқарушы органдардың тікелей ұйымдастыру жұмысынан айқындалатын көрсеткіштер бойынша оң динамика қалыптасты.
Әсіресе, 2017 жыл бойы өнеркәсіптің өңдеуші секторында, ауыл шаруашылығында, тұрғын үйлер салуда, аймақтың әлеуметтік дамуына инвестициялар тартуда және де құрылыс жұмыстарын жүргізуде оң тенденциялар қалыптасты.
Экономиканың салаларында жыл ішінде 13105 жұмыс орны құрылды, оның 11561-і тұрақты. Нәтижесінде жұмыссыздық деңгейін республикалық көрсеткіштен төмен 4,8 пайыз шегінде ұстап тұруға мүмкін болды (2017 жылдың 3 тоқсанына).
Әлеуметтік міндеттемелерді орындау бойынша тұрғындар алдында қарыз жоқ.
Тұтыну бағалар индексі маусымдық өсімге қарамастан, жыл бойы республикалық орташа көрсеткіштен төмен болды. 2017 жылдың қорытындысымен 106,6% құраса, республика бойынша 107,1%. Оның ішінде азық-түлік тауарларының баға индексі 106,6%, азық-түлік емес тауарларының баға индексі - 108,9%, ал ақылы қызметтер – 104,4%.
2017 жылы облыс бюджеті 223,9 млрд теңгені құрады. Бұл ретте облыс бюджеті айқын әлеуметтік бағыт алып, әлеуметтік салаға 137,1 млрд теңге бағытталған.
Мемлекеттік бюджетке 104,6 млрд теңге салық және басқа міндетті төлемдер аударылып, болжам 102,7 пайыз орындалды.
59 әлеуметтік нысанның құрылысы жүргізіліп, оның 25-сі пайдалануға берілді (білім – 17 нысан, денсаулық сақтау – 2 нысан, мәдениет – 1 нысан, спорт – 1 нысан, басқалар – 4).
2017 жылы 1983 пәтерге арналған 47 көппәтерлі тұрғын үй құрылысы жүргізілді, оның ішінде мемлекет қаржысы есебінен 1600 пәтерге арналған 36 көпқабатты үй пайдалануға берілді.
Облыс және аудан орталықтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылыс жұмыстары жалғасты. Бұл мақсаттарға  республикалық және облыстық бюджеттерден 4 млрд теңге  бөлініп, 164 шақырым инженерлік желілер салынды.
05 ақпан 2018 ж. 1 227 1

Гость JeaOrer от 13 наурыз 2019 12:55
Zentel Mastercard Kamagra Vendita Camerun CytotecР’В® Prix Pharmacie cialis Generic Overseas Viagra Brand Name Viagra In Usa Does Amoxicillin Expire