НЕГІЗГІ КАПИТАЛҒА САЛЫНҒАН ИНВЕСТИЦИЯ КӨЛЕМІ 23 МЛРД. 448 МЛН. ТЕҢГЕНІ ҚҰРАДЫ
Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде Сырдария ауданы бойынша барлық маңызды салаларда дамудың оң динамикасына қол жеткізілді.
Жыл қорытындысымен негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23 млрд. 448 млн. теңгені құрады.
Негізгі капиталға салынған инвестиция және құрылыс жұмыстары көлемінің көрсеткіштерінің төмендеу себебі 2017 жылы «Интергаз Центральная Азия» АҚ-ы АГТС орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы жобасын жүзеге асырды.
Осы және мұнай компанияларының ірі жобаларының негізінде шикізат емес секторының негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 23 млрд. 448 млн. теңгені құрады.
Құны осындай ірі жобалар 2018 жылы жүзеге асырылған жоқ.
Айта кету керек, 2018-2019 жылдары жалпы құны 3,1 млрд.теңге болатын Сырдария ауданы Тереңөзек кентіне автоматты газ тарату станциясын (АГТС) орнатумен қоса «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысы жоба іске асырылуда. 2018 жылы жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен 1,7 млрд. теңге және облыстық бюджеттен 120,0 млн. теңге қаржы бөлініп тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ал 2019 жылға республикалық бюджеттен 1,1 млрд.теңге, облыстық бюджеттен 197,0 млн.теңге қаржы бөлініп, осы жұмыстар мамыр айында аяқталады.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.