Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№83 газет

01 қараша 2025 ж.

№82 газет

29 қазан 2025 ж.

№ 81 газет

25 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
» » СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ

СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ӘНДЕР БАЙҚАУЫ ӨТТІ


Сырдария ауданында өнерге, шығармашылыққа құштар білім саласының қызметкерлері арасында патриоттық әндер байқауы өтті.
Аудандық байқауды аудандық білімі бөлімі мен білім қызметкерлері кәсіподақ комитеті ұйымдастырды.
"Тәуелсіздікті жырлаймын" атты байқау барысында талапкерлер Отан, Туған жер және Тәуелсіз Қазақстан туралы жазылған әндерді шырқады.
Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлдені Н.Ілиясов ауылындағы №132 орта мектеп мұғалімі Б.Қалиасқарова иеленді.
Ал, жүлделі І-орынды Іңкәрдария ауылдық округіндегі №191 орта мектеп Ш.Ізбасқанова еншіледі.
Қос бірдей ІІ орын №132 орта мектеп мұғалімі Г.Есетова мен шағандық С.Қабылбековаға бұйырды. Сонымен қатар, ІІІ орын тұғырынан №131 Т.Қозыбаев атындағы орта мектептің мұғалімі А.Ақбалаева және айдарлылық Р.Дүрманова Роза мен Б.Смайлова көрінді.
Байқау жеңімпаздарының барлығына арнайы Диплом және бағалы сыйлықтар берілді.
Марапаттау салтанатында сөз алған аудандық білім қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасы А.Есназар байқауға қатысушыларды жеңістерімен құттықтап, шығармашылық сәттіліктер тіледі.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.
29 желтоқсан 2018 ж. 1 322 0