СЫРДАРИЯЛЫҚ ЖАСТАР ЖЫРШЫ КҮНСҰЛУ ТҮРІКПЕНМЕН КЕЗДЕСТІ
Сырдария ауданының өнерге құштар белсенді жастары белгілі жыршы, "Мен қазақпын" мега жобасының бас жүлде иегері Күнсұлу Түрікпенмен кездесті.
Аудандық мекемелер үйінің мәжіліс залында өткен кездесуді аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Е.Әбілдаев ашып, жүргізіп отырды.
Кездесу барысында жас жыршы өзінің соңғы жылдардағы жеткен жетістіктеріне тоқталып, алдағы жоспарларымен бөлісті.
Сонымен қатар, дәстүрлі өнерді дамыту бағытындағы өз ойын ортаға салды. Игі іс-шараға қатысушылар талантымен танылып келе жатқан К.Түрікпенге сұрақтарын жолдап, тиісті жауаптар алды.
Кездесуден соң жыршы аудандық "Әуез" мектебіне табан тіреп, ұжым қызметкерлерімен және үйірме мүшелерімен кездесті.
Шара соңында сырдариялық жастар жыршыға гүл шоғы мен "Сырдария 2" кітабын табыстап, естелік суретке түсті.
Айта кету керек, үстіміздегі жылы аудан әкімдігінің қолдауымен жыршы К.Түрікпен Сырдария ауданына қарасты ауылдық округтерде жеке шығармашылық кешін өткізген болатын.
Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі.