СЫРДАРИЯ АУДАНЫНДА ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕР БАСТАЛДЫ
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың "Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы" 2016 жылғы 5 ақпандағы №190 Жарлығына сәйкес бүгін Сырдария ауданында халыққа есеп беру жиындары басталды, - деп хабарлайды Сырдария ауданы әкімінің баспасөз қызметі. Есеп беру жиынына облыстан бекітілген өкіл ретінде облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Ә.Әбдіқаймова, облыстық мәслихат депутаты Ж.Нұрымбетов, аудандық мәслихат депутаттары, бөлім, мекеме басшылары мен БАҚ өкілдері қатысты.
Ең алғашқы жиын Айдарлы ауылдық округінде өтіп, Сырдария ауданының әкімі Ғ.Қазантаев 2017 жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасады. Есепте кезеңде жүзеге асырылған жұмыстар туралы кеңінен айтып өткен аудан басшысы реформалардың іске асырылу барысына тоқталды. Сонымен бірге, 2017 жыл аудан үшін табысты болғанын атап өтті. Есеп беру жиыны барысында Айдарлы ауылдық округінің әкімі Ғ.Дүйсебеков, Айдарлы ауылдық учаскелік полиция инспекторы М.Байназаров есепті мерзімде атқарған жұмыстарының есебін берді. Негізгі баяндамалар тыңдалғаннан кейін облыс бойынша үстіміздегі жылы кәсіпкерлікті дамытуға ерекше басымдық берілуіне байланысты аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Л.Қозыбаева мен аудандық мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы М.Әбдіхалықов қосымша хабарлама жасады. Есеп беру жиынында бірқатар ауыл тұрғындары сөз сөйлеп, атқарушы билік өкілдерінің есебіне жоғары баға берді.
"ТТ"-ақпарат