Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » «SHIRKEILI» ЖАҢА БРЕНД

«SHIRKEILI» ЖАҢА БРЕНД


Бүгінде халық тұрмысы жақ­са­рып, әлеуеті бірша­ма артқаны көңіл қуантады. Бұ­рынғыдай жүдеу қалыптан айнығалы қоғам көзқарасы да өзгерген сыңайлы. Етек-жеңін жиған тұрғындардың өркениет көшіне ілесуге деген құлшынысы күн сайын артқанын байқадық. Ауыл ішін аралаған сәтте ерекше назар аударатындай біршама тіршілікті көзбен көріп, көңіл сүйсінді. Оның ішінде заманауи үлгідегі үйлердің бой көтеруін жақсылыққа балағанымыз рас. Қапелімде біз мінген көлік «Мәдіқажы» ЖШС-не қарасты құрылыс материалдарын дайындайтын өндіріс цехына атбасын бұрды. Мұнда кафель желімі, түпкілікті полимерлік тегістегіш, жаңбырлы сылақ, құйылмалы еден шығарылатынына көз жеткіздік.
Биылғы жылдың көктем айында ашылған цехтың негізгі процесіне алғашқыда екі адам жұмылдырылса, көп уақыт өтпей 8 адам қосымша жұмысқа алынған. Екі ауысым бойынша тоқтаусыз сапалы өнім шығарылып, халыққа қолжетімді нарық бағасымен сатылады. Цехтан шыққан әрбір өнім қазіргі таңда Қызылорда қаласы мен аудан орталығында айтарлықтай сұранысқа ие. Сондай-ақ, ауыл тұрғындары да аталған құрылыс материалдарын пайдаланады. Цех мамандары өнімнің жасалу технологиясын жетік меңгерген. Арнайы құрылғының көмегімен осыған дейін бірнеше тоннаға дейін өнім шығарып, халық сұранысын қанағаттандыруда. Өз кезегінде өндіріс меңгерушісі М.Құдайбергенов жұмыс барысын түсіндірді.
– «SHIRKEILI» деген атаумен шығатын құрылыс материалдарының санын көбейту үшін ізденіс үстіндеміз. Бүгінде кез-келген құрылыс жұмысында сұранысқа ие өнімді ұсына алу арқылы нарықта өз орнымызды қалыптастыра аламыз. 1 күнде 10 тоннаға дейін өнімнің өндірілуін қамтамасыз етіп, сапа тұрғысынан қателеспеуді басты назарда ұстаймыз. Сонымен қатар ұтымды еңбектің арқасында халықтың оң бағасын алуға тырысамыз, – дейді өндіріс меңгерушісі.
Әрқашан жергілікті халық үшін қолжетімді құрылыс материалдарын шығаруда сала мамандарының табандылығы ерекше. Өнімді дайындау барысында асқан ыждағаттылық пен жауаптылықты сезінген олардың табысы жемісті болатынына сенім мол.


Балтабай ОРДАБЕКОВ
27 қараша 2018 ж. 1 130 0