ҰТЫМДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫЛЫҚ ҚАЛЫПТАСҚАН
Аудан шаруашылықтарының арасында «Құндызды май» ШҚ-ның өзіндік орны бар. Өйткені, мұнда ұтымды ұйымдастырудың нәтижесінде өнім көлемі жылма-жыл көбейіп, материалдық база нығая түсуде.
«Егінші жылда арманда» дегендей биылғы ауа райының қолайсыздығы мен судың тапшылығы шаруаға біраз қиындық келтірді. Дей тұрғанмен «Құндызды май» ШҚ ішкі резервті тиімді пайдаланып, бітік егін өсірді. Қазір сол егінді төкпей-шашпай қысқа мерзімде жинап алудың қамына кіріскен.
– Биылғы ауа райының қолайсыздығына байланысты егін орағына кеш кірістік. Алайда, жоғары өнім алатынымызға сенім мол,– деді ШҚ төрағасы Бөлеген Рақмет. Шаруашылықта егін жинауға жұмылдырылған комбайндар мен тракторлар негізінен жаңа шет елдік алымды техникалар. Егінжайда озаттар көшін жаткашы Медет Жарауов, астық бастыруда Рүстем Смайлов, тасымалда Сайлаубек Ермағамбетов қарқынды еңбек етуде. Диқандар Мұрат Аханов, Баян Қалыбаев, Еркінбай Қапанов, Сыр салысынан жоғары өнім алуды қамтамасыз еткен. Биылғы маңызды науқанға шаруашылық еңбеккерлері жан-жақты дайындықпен келді. Соның айқын айғағы – 2000 тонна астық қабылдайтын жаңа қырманның пайдалануға берілуі. Қожалықта еңбеккерлерді ынталандыру шаралары жақсы жолға қойылған. Ауылдың арқа сүйер азаматы Бөлеген Рақмет басқаратын ұжым қайырымдылық шараларына да белсенді атсалысып келеді. Сайып келгенде бірлігі бекем, еңбегі ерен еңбеккерлердің табыстан табысқа жететініне көз жеткіздік.
ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ