ЕГІНЖАЙДАҒЫ ҚЫЗУ ЕҢБЕК
Ауа райынының қолайсыздығына, су тапшылығына қарамастан ішкі мүмкіндіктерді тиімді пайдаланған шаруашылық ұжымы бітік егін өсірген. Қазір Сыр салысының 40 пайызы жиналып, әрбір гектардан орташа 50-60 центнерден өнім алынған.
–Егін жинауға адам күші мен техникамыз сақадай сай, кірістік. Биыл бір «Магдон» жаткасы, бір «Джон Дир», бір «Класс» комбайны алынды. Бүгінде шетелдік алымды техникалар менің бригадамның звено жетекшісі Нұрлан Жүзтаевтың 50 гектар күріш танабын жинап бітірді. Алынған өнім көңіл қуантарлық. Әрбір гектардан орташа 58 центнерден келді. Жиын-терінді шаруашылық бойынша енді бір аптаның көлемінде аяқтап шығамыз,- дейді егіс бригадирі Бақыт Жылқыбаев.
Шынында да егінжайдағы еңбек қарқыны жоғары. Алымды техникалар көзі леспес жылдамдықпен жер апшысын қуырып, алтын дәнді комбайн қорабына жинауда. Одан астық алып «КамАЗдарға» тиеліп жатыр. Бұдан кейін алтын дәннің баратын жері егінжайдың «жүрегі» қырман. Егінжай мен қырман арасындағы тасымал толастамай, қырманда дән таулары тұрғызылып жатыр. Бұған қарап биыл асқарлықтардың тағы да меже биігінен көрінетініне сенім молаяды.
ШаҺарбек НҰРСЕЙІТОВ