Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№96 газет

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 газет

30 қараша 2024 ж.

№94 газет

26 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
» » ЫРЫСТЫ ӨНІМ – КҮРІШ

ЫРЫСТЫ ӨНІМ – КҮРІШ


Жалағаш – Сыр өңірінедгі күрішті ең көп егетін аудан. Биылғы жылы аталған ауданында 21 800 гектар күріш егілген. Бұған қоса, 401 га жаздық бидай, 60 гектар арпа, 2200 гектар мақсары, 4559 гектар жаңа жоңышқа, 635 гектар картоп, 678 гектар көкөніс, 1000 гектар бақша дақылдары егіліп, 4138 гектар ескі жоңышқа күтімге алынды.
Ауыл шаруашылығы құрылымдары бойынша 363 трактор, 91 соқа, 33 тұқым сепкіш, 100 автомашина және 155 трактор тіркемесі толығымен жөндеуден өтіп, көктемгі дала және егін егу жұмыстарына қатысты.
Биыл егін егу жұмыстарына 2750 тонна арзандатылған дизель отыны бөлініп, шаруашылықтарға уақытылы жеткізіліп берілуде. Аудан бойынша қазір жоңышқаның бірінші орымы аяқталып, гектарына 12 центнерден өнім алынды. Жоңышқа ору жұмыстары одан әрі жалғасуда.
– Былтыр аудан үшін ауыл шаруашылығы саласы бойынша табысты жыл болды. Бұл салада үлкен іс тындырған еңбек адамдарының жұмысын жоғары бағалаймыз. Диқандар күннің аптап ыстығына қарамастан атыз басында үлкен еңбектің үлгісін көрсетті. Нәтиже де жаман болған жоқ. Барлық шаруашылық иелері рекордтық өнімге қол жеткізіп, қамбаны қазынаға молайтты, – дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы М.Қалниязов.
Күн өткен сайын шіліңгір шілденің ыстық аптабы күйдіріп барады. Күннің ыстығы күрішке пайдалы, тез пісіп жетіледі. Биыл судың аз мөлшерде болатыны жайында ескертілсе де аудан шаруашылықтары судан тапшылық көрген жоқ.
Атыз жағалап еңбек еткен диқан қауымның күтіп баптау жұмыстарының нәтижесінде аудан бойынша күріштің көгі көңіл қуантады. Жаппай бас ала бастаған Сыр салысының шығымын көріп қуанған диқандар биыл да меже биігінен көрініп, жылды табыспен қорытындылауды жоспарлап отыр.
22 шілде 2018 ж. 1 558 0