Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі

№ 29 газет

22 сәуір 2025 ж.

№ 28 газет

19 сәуір 2025 ж.

№ 27 газет

15 сәуір 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
» » С.СЕЙФУЛЛИНДЕ ТАҒЫ ДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

С.СЕЙФУЛЛИНДЕ ТАҒЫ ДА КҮРІШКЕ ОРАҚ ТҮСТІ

Осыдан екі күн бұрын Сәкен Сейфуллин ауылында "Құндызды май" ШҚ егінге орақ салған. Енді осы елді мекендегі «Сейфуллин Жер»ЖШС де күріш ору науқанын бастады. 
Сыр маржанын жинауға арналған рәсімге облыстық маслихат депутаты Р.Есенов, аудан әкімінің орынбасары Б.Лекеров, аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Н.Әзірбек, С.Сейфуллин ауылдық округі әкімі М.Қаратаев және қоғамдастық мүшелері, ауыл ақсақалдары қатысып, диқаншылардың егін науқанында мол өнім жинауына тілектестігін білдірді.
Салтанатты түрде лента қиылғаннан кейін «Сейфуллин Жер» ЖШС төрағасы О.Саймағанбетов дала еңбеккерлерінің ел қамбасын алтын дәнге толтыратынына сенім білдірді. Айта кету керек, аталған шаруа қожалығының еңбеккерлері биылғы жылы 900 гектарға Сыр салысын еккен.

"ТТ"-ақпарат

06 қыркүйек 2018 ж. 1 642 0