ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылар қатысқан мәжіліс өтті. Аймақ басшысы мұнай компанияларының өкілдерін қыркүйектің алғашқы жексенбісінде атап өтілген кәсіби мерекемен құттықтап, саладағы бірқатар мәселелерге тоқталды. Шілде айында Қызылорда облысындағы мұнай-газ саласының дамуы туралы сұрақтар Премьер-министрдің бірінші орынбасары А.Мәминнің төрағалығымен өткен мәжілісте талқыланған еді.
Ең алдымен мұнай экспортын ұлғайту туралы айтқанда, биыл мұнай өндіру көлемінің өткен жылға қарағанда тағы да 600 мың тоннаға қысқаратыны сөз болды. Аймақтың мұнай компаниялары өндірген өнімінің 80 процентін 1 баррелін 30 АҚШ долларымен есептеп ішкі нарыққа жібереді. Ал экспорттағы баға 70 АҚШ долларын құрайды. Мәселен «ҚОР» ҰҚ АҚ және «ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ бірінші жартыжылдықта жалпы өндірген мұнайының 30 процентін, «Қазгермұнай» БК ЖШС 6 процентін экспорттаған.
Болжам бойынша екінші жартыжылдықта өндірілетін мұнай көлемі 3 млн тонна. Егер мұнайды сыртқы нарыққа 20 процент, ішкі нарыққа 80 процент жібергенде, түсетін пайда 264 млн АҚШ долларын құрайды. Ал өндірілген өнімнің жартысын ішкі, жартысын сыртқы нарыққа шығарғанда, 2,5 есе көп қаржы түседі. Осы мәселелер талқыланған соң Энергетика министрлігіне Қызылорда облысының әкімдігімен бірігіп, аймақтағы мұнай компанияларына өз өнімінің 50 процентін экспортқа шығару мүмкіндігін беруді қарастыру тапсырылған еді.
Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесін негізге алсақ, газ қорын 50-70 млрд текше метрге ұлғайтудың алғышарттары бар. Қазіргі газды бір ұлттық операторға арзан бағамен сату сызбасы газ өндірудің өзіндік құнын да жаппайды. Сондықтан мұнай компаниялары газ өндіруге аса ықыласты емес. Бұл газ өндіруге экономикалық ынталандыру қажеттігін көрсетіп отыр.
Аймақ басшысы облыс әкімдігінің ұсынысымен дайын газ өнімін бөлу принциптеріне өзгертулер енгізу туралы құзырлы органдарға тапсырма берілгенін атап өтті. Ол бойынша жобаға қатысушы газ өндіруші компанияларға тауарлы газдың 50 процентін ішкі нарыққа өздері шығаруларына, 50 процентін ұлттық операторға сатуға міндеттеу ұсынылған.
Жаңа кеніштерді игеру туралы мәселеде бұған дейін де аймақ басшысы түскен түсім осы бағытқа, яғни жаңа кеніштерді іздеу мен бұрғылауға, жаңа технологияларды енгізуге жұмсалуы керектігін айтып келеді. Бүгінде Арал маңы, Сырдария және Шу-Сарысу ойпаттарында іздеу жұмыстарын жүргізудің маңызы зор. Өзбекстан тарабы Арал теңізі аумағын игеруді бастағанын ескерсек, теңіздің қазақстандық бөлігін зерттеу өздігінен сұранып тұр.
Қазір аймақтағы мұнай кеніштері түгесілуге таяу, мұнай бұрғылау 1,5-2 мың метр тереңдікте жүргізілуде. Облыс әкімдігі 5 мың метрлік тереңдікті қазуға ұсыныс берді, бірақ мұндай тереңдікте мұнай өндіру қымбатқа түседі. Сондықтан мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында жұмыс істеу тиімді.
Энергетика министрлігі газ өндірісін дамыту департаментінің директоры З.Қияқбаевтың айтуынша, өткен жылы облыста 1 млрд текше метрден астам газ өндірілген. Мемлекет «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету саласында әлеуметтік бағыт ұстана отырып, оны тұтынушыларға барынша арзан бағамен ұсынып келеді. Оны өндіру мен тұтынушыға жеткізудің арасындағы процестерді реттеп отыр. Басқа тауарлар секілді газдың да экономикаға негізделген бағасы болу керектігі түсінікті. Онсыз саланың дамуы мүмкін емес. Егер жер қойнауын пайдаланушылар газ қоры, ресурстар және салынатын инвестиция туралы мәліметтер ұсынса, бұл мәселе жан-жақты зерттеледі. Департамент директоры облыс әкімдігі ұсынған мәселелерді шешу жолдары екі тарапқа да қолайлы екенін атап өтті.
Мәжілісте сөз алған «ПетроҚазақстан Инк» АҚ президенті Вей Юй Сян әсіресе мұнай экспортын ұлғайту мәселесі барлық жер қойнауын пайдаланушылар үшін маңызды екеніне тоқталды. Бұл аймақ экономикасы үшін де, мұнай компаниялары үшін де тиімді болмақ. Еліміздегі 3 мұнай өңдеу зауыты да жаңғыртудан өтті. Енді мұнай өңдеу көлемі өсетіні белгілі.
Вей Юй Сянның айтуынша, мұнайдың жартысын ішкі, жартысын сыртқы нарыққа шығару туралы бастаманы жақын уақытта іске асыру мүмкіндігі бар. Қазақстанда газдың қоры өте бай. Тек министрлік тарапынан газ өндіруге ынталандыру шаралары қолға алынса, оны экспорттау мен бағасына қатысты мәселе шешілсе, мұнай компанияларының жұмысына да оң әсер етер еді. Мұнай өндіру көлемін арттыру үшін ең алдымен іздеу жұмыстарын инвестициялау керек.
Мәжілісте мұнай-газ саласының басқа да мәселелері талқыланды.
Гүлжазира ЖАЛҒАСОВА,
«Сыр бойы».