ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ САЛАСЫНДА ТҰРАҚТЫ ӨСІМ БАР
Бүгін өңірлік коммуникация қызметінде облыс әкімінің орынбасары Е.Ким аймақтың өткен жылғы индустриялық-инновациялық дамуының қорытындысына арналған баспасөз мәслихатын өткізді.
Былтыр мұнай өндіру көлемі өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 855,5 мың тоннаға төмендеген (мұнай өндіру НКИ–88,8%).
Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібі саласында өндіріс өсімі 4,5% құрайды. 2014 жылдан бастап өңдеу өнеркәсібі саласында тұрақты өсім байқалады.
Индустрияландыру бағдарламасы аясында облыс экономикасының әртараптандыру бойынша жұмыстар жалғасуда және бағдарлама аясында өңірде 20 жоба іске қосылып, оның 16 толық өндірістік қуаттылықты игерді.
Былтыр Индустрияландыру картасының іске қосылған жобаларымен құны 18,4 млрд.теңгені құрайтын өнім өндірілді. Есепті кезеңде ИИДМБ кәсіпорындары экспорттаған өнім көлемі 28%-ға (2017 ж. 12 айы - 5,0 млрд.тг.), экспортқа өнім шығарылатын мемлекет саны 8-ден 11-ге дейін ұлғайған, – деді аймақ басшысының орынбасары.
Индустрияландыру бағдарламасының екінші бесжылдығы аясында облыста құны 610 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда 6,3 мың жұмыс орны құрылатын 25 жоба жүзеге асырылуда.
Оның ішінде, 2017 жылы Арал ауданында құны 280 млн. теңгені құрайтын 2 жоба: қаптама кірпіш және асфальтбетон зауыты іске қосылып, жаңадан 62 жұмыс орны құрылды.
Шыны, кальциленген сода, тампонажды цемент зауыттарының және «Шалқия» кенішін игеру бойынша құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Инвестициялық жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде өңдеу өнеркәсібі саласына 22,6 млрд.теңге инвестиция тартылып, бұл 2016 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 39,1% ұлғайған. Негізгі капиталға салынған инвестицияның жалпы көлемі 6,5% ұлғайды және 241,5 млрд.теңгені құрады.
Пікір 2