ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ МУЗЫКАЛЫҚ АСПАПТАРЫ
National Digital History порталы қазақ халқы жадынан ескіріп, дыбыс-үнінен ажырап бара жатқан көне музыкалық аспаптарды назарларыңызға ұсынып отырады
Кез-келген ұлт пен ұлыста «музыка өнері» дамып, жетіліп отырды. Сол өнерді орындап жеткізетін музыкалық аспаптары да мәдени мұра қатарына қосылды. Көшпенді өмір кешкен бабаларымыздың музыкалық аспаптарының өзіне тән үні, орындаушылық дәстүрі қалыптасты.
Белгілі этнограф, ғалым Биқұмар Кәмалашұлы «Дүниежүзілік дәстүрлі музыка аспаптарының тарихына үңілсек көбі азиялық көшпелілер тарихына байланысты болып шығады» деген. Ақиқатында әлемдік өркениетке үлесін қосқан көшпенділер халқы қадым заманнан бері музыкалық аспаптарды пайдаланды. Олар жаугершілік заманда халыққа хабар бергенде, аңға шыққанда аңды үркітуге, діни жоралғылық салттарында, ән-күйшілік өнерінде, дәрігерлік-шипагерлігінде музыкалық аспаптарды орындаған.
Мәселен, жау шапқанда елге хабар беру үшін үрмелі аспаптарды дабыл, дағыра, дауылпаз, кернейді пайдаланған. Бақсылар сарнағанда – даңғара, асатаяқ, шаңқобызды, әнші-күйшілер өлең-жыр, терме-ән айтқанда немесе күй шерткенде – домбыра, жетіген, сыбызғы, қобыз сияқты шекті аспаптарды пайдаланған. Сондықтан да ата-бабаларымыздың ерте заманнан келе жатқан музыкалық аспаптарының түрлері өте көп.
Ата-бабаларымыз тастан, ағаштан, темірден, өсімдіктерден, саздан, малдың терісінен, сүйегінен, мүйізден, ішектен, қылдан тағы басқа да дыбыс шығаруы мүмкін заттардан қарапайым музыкалық аспаптарын жасаған. Еліміздің әртүрлі музейлерінің қорларында 400-ден астам көне музыкалық аспаптары сақтаулы. Олардың 100-ге жетер-жетпесі ғана ұрпақ жадында жатталып, музыкалық орындаушылықта орындалып келеді.
Ән-күй аспаптардың орындалуы өз алдына жеке әңгіме. Оны музыка өнерін зерттеуші мамандар толықтыра зерттей түсер. Біздің мақсат қазақтардың дәстүрлі музыкалық аспаптарының тарихына тоқталып, бүгінгі жәй-күйі қандай дегенге тоқталу болатын. Қазақтың музыкалық аспаптары десе ойға бірден домбыра, қобыз, жетіген, сырнай ойға оралады. Жоғарыда біз айтқан 400-ден астам музыкалық аспаптардың кейбірі бүгінде сахнадан орындалмай, тіпті бірлі жарымының нұсқалары да сақталмай бара жатыр.
«Қазақ музыка аспаптарының бабасы – қара қурайдан жасалатын сыбызғымыз сахнаға аз шығарылды»,-деп өткен ғасырдың соңғы ширегінде этнограф Жағда Бабалықұлы көп айтып еді. Ақыры сыбызғы туралы кейінгі жылдары көп айтылып, зерттелді. Сыбызғы күйлері жинақталды. Дегенмен сыбызғы орындаушыларының мектебі қалыптаспады. Әттеген-айы осы.
Жағда бабамыз: «Үскірік, ысқырық, шаңқобыз, келіқобыз, сазсырнай, дап, дабыл сияқты аспаптар көзге ілінбейді. Қазір бұларды қолданатын, ел арасына шығып, ойнайтындар саны өте аз. ХХ ғасыр ішінде қазақтың ұлттық музыка аспаптарының көп бөлігі кәдеге жарамайтын болып шықты. Ал кәдеге жараған домбыра мен қылқобыз үлкен өзгеріске түсіп, қазақтың табиғат берген қоңыр үнінің бояуы жоғалды. Демек, осынау тарихи дерт дендемеуі үшін тегеурінді әрекетке көшіп, халықтың ғасырлар бойы қатталған ұлы мұрасын бүгінгі күн мен болашақтың игілігіне айналдыру ең киелі мұраттардың бірі болуы тиіс»,-деп кейіген болатын. Онысы шыңдық еді.
ХХ ғасыр басында қазақ руханиятынан, болмысынан айырылып бара жатқан уақытта, музыкалық аспаптары да «ассимиляцияға» ұшырады. Домбыраның қоңыр үні ажырап, ішегі әр түрлі заттардан жасалды. Мұндай өзгеріске ішекті аспаптардың көбі ұшырады. Көптеген музыкалық аспаптарымыз халық жадынан ажырады. Қазақ сахнасын батыстың даңғаза дауыстағы музыкалық аспаптары басты. Заман ағымына қарай кейбір аспаптарымыз өзгеріске ұшырап, табиғи үнінен айырылды. Осы орайда National Digital History порталы қазақ жадынан ескіріп, дыбыс-үнінен ажырап бара жатқан аспаптарды назарларыңызға ұсынып отыратын болады.
Бұрың-соңды бозаншы, борғүй, бұғышық, жілік сыбызғы, хомус қазақ халқының көне байырғы муызкалық аспаптары туралы естіп пе едіңіз?! Бұл музыкалық аспаптар туралы бізге Моңғол Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, күйші, сыбызғышы Мұхаммед Райхан атамыз айтып берді.
Бозаншы – деген ежелгі сазды аспаптың бірі. Төрт қыл ішекті келетін, мойыны бар, пернелері болмайтын, кішкентай домалақ басы болатын аспап. Бозаншыны ысқымен ойнайды. «Бұл аспап бүгінде жоғалып кеткен аспаптардың бірі шығар. Сондықтан бозаншыны қайта жаңғыртып, ұлт-аспаптар оркестріне қоссақ қандай тамаша болар еді»,-дейді күйші, композитор Мұхаммед Райхан. Бозаншы аспабы түркі халықтарының басым көбінде кездесетін музыкалық аспап.
Бұғышық – көшпелі түркі-моңғол тектес халықтарда ертеден келе жатқан көне аспап. Тарихы ерте дәуірлерден басталады. Күйші Райхан атамыздың айтуынша, сақтардың аңдық стилі қалыптасқан дәуірде пайда болуы да мүмкін. Ол да үрмелі музыкалық аспап. Бұғышықты қуыс мүйізден де жасайды. Бүгінгі моңғол тектес халықтар да бұл аспап әлі де орындалып келеді. Қақас, тува, алтай халықтары бұл аспапты әр түрлі атаған. Алтайлықтар «абырғы», қақастар «пырғы», тувалықтар «амырғы» деген.
Желбуаз – қазақ халқының үрмелі аспаптар тобына жататын көне байырғы музыкалық аспап. Музыка зерттеушісі Райхан атамыздың айтуынша желбуаз мал терісінен жасалған. Сырт көрінісі меске ұқсас келеді екен. Аузын бекітіп тұратын қақпағы және үн шығаратын екі сырнай түтікшесі болады екен. «Бұл аспап Моңғолиядағы қазақ драма театрының ұлт-аспаптар оркестрінде болған. Ұстазым Алдаберген Мырзабековте айтып отыратын белгілі композитор Нұрғиса Тілендиевте бұл аспапты оркестрге қосып, жаңғыртқан деп», - дейді Мұхаммед Райхан. Желбуазды өңірлердегі тарихи-өлкетану музейлерінен көргеніміз бар. Бірақ орындаудағы әуенін естімеппіз.
Борғұй – қазақ халқының үрмелі, көне байырғы музыкалық аспаптарының бірі екен. «Борғұй аспабы туралы да бұрын аз-кем естігенмін. Өз басым бұл аспаты ұстап көрген жоқпын. Музыка мамандарынан естігенім бойынша, үрлемелі аспап болған»,-дейді композитор Мұхаммед Райхан. Бұл аспапты да жаңғыртып қазақ жадына ұқтыруға болады дейді ағамыз. Бұл аспап туралы деректер аз.
Сыбызғы – көшпелі халықтардың көне үрмелі музыкалық аспабы. Сыбызғы аспабының түп-төркіні Алтай. Алтай қазақтың да, түркі халықтарының да алтын бесігі. Аспаптың орындаушылары қатарында Моңғолия, Қытай қазақтарында көп еді. Алтайдың қарақурайын иіп отырып, сыбызғылар жасалатын. «Қазір бұл аспаптың өзі жасаламай қалып барады. Бұрын Алтайды мекен еткен ата-бабаларамыз қарақурайды кептіріп, сыбызғы жасап алатын. Сыбызғының соныңда мал айдап жүрген талай көшпенді халықтың баласын біздер көріп өстік. Әкеміз бұрын айтатын «біздер мал бағып жүріп, тал қурайды алып, ызыңдата әуелете беруші едік» деп. Қазіргі қурайлардың өзі бұл дауысты шығара алмайтын күйге жеткен деп естідім. Сондықтан Алтайда өскен әрбір қурайдың өзі бір-бір сыбызғы аспабының үні, алтай сыбызғылық дәстүрдің топырағы»,- дейді Р. Мұхаммед. Сыбызғы өнерін түркі халықтарының ішінде алтайлықтар, башқұрттар, қазақтар тартады. Жағда Бабалықұлы «Орал тауының төңірегіндегі халықтар: башқұрт пен татарлар сыбызғы аспабын «қурай» деп атауы тегін емес» деген. Яғни сыбызғы аспабы Орал тауындағы қурайдан да жасалатындығы ғой онда. Дегенмен бұл өнердің тамыры түркі халықтарында жатыр. Осыны ұмытпасақ болғаны.

https://syr-media.kz/