Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » ГИТАРАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН БІЛЕСІЗ БЕ?

ГИТАРАНЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫН БІЛЕСІЗ БЕ?


 
Бұл аспаптың тарихы тым тереңде жатыр десем, сеніңіз! Б.з.д. III мыңжылдықтарда қазіргі гитаралардың түпнұсқалары жарық көрген. Библиялық ертегілерде ұшырасатын шумер-вавилондықтардың ішекті аспаптары осының айғағы. Бұл заттай деректер Месопотамия жеріне жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған. Ежелгі Египет пен Үндістанда да осы аспапқа ұқсас заттар табылғаны тағы бар. Олар: набла, нефер, Египеттік цитра, және Үндістандық ситра мен вина. Ал сол кездерде Грекия мен Римде гитарамен туыстас ежелгі кифара аспабының аты аспандап тұрды.

Ұзын мойнымен жабдықталған ішекті шертпелі аспаптар ежелгі заманнан бар. 1470 жылдардан бастап қазіргі гитараларға ұқсайтын аспаптар дүниеге келе бастады.  Әлемдегі ең алғашқы гитара деген атпен атақты аспап бүгіндері Лондондағы корольдық музыкалық мұражайда сақтаулы тұр. 1581 жылы Лиссабонда жаслаған бұл аспап Мельчиор Диастың атымен тығыз байланысты. Ол 15 ғасыр мен 16 ғасырдағы аспаптың бір-бірінен айырмашылығы көп екендігін көрсетті. Оны біз гитараның құрылымына қарап ойланбастан мойындай аламыз. Диастың құрастыруымен жасалған гитара палисандр ағашынан жасалған. Қазіргі гитаралардың нағыз шығу тегі осы гитарамен байланысты деп айтуға болады.  «Гитара» сөзі қайдан шықты? «Гитара» сөзі санскрит тілінің екі сөзінен құралған: «сангита» - «музыка» деген мағынаны береді; ал ежелгі парсы тілінің «тар» сөзі – «ішек» деген мағынаны білдіреді. Басқа да мәліметтерге сүйенсек, «гитара» «төрт ішекті» деген мағынаны білдіретін санскриттік «кутур» деген сөзден де шыққан екен. Орта ғасырда гитара аспабы әсіресе Испанияда танымал болды. Латын гитарасы деген атпен алғаш рет бұл елге аспап Римнен жеткен еді. Ал мавритандық гитара деген атпен араб басқыншылары арқылы да таралды. кең таралған бұл аспапты жергілікті халық 5 ішекті қылып дүниеге әкелді.Осындай гитаралар испандық гитара деген атқа ие болды. XVIII ғасырда испан гитараларына тағы да бір ішек қосылып, алты ішекті шертпелі аспап болып шыға келді. Қаншама ғасырды артқа тастап бұл аспап келе-келе біздің де қолымызға жетті. Гитара - кең таралған 6 не 7 ішекті музыкалық аспап. Ішектері металл немесе нейлоннан жасалады. Жеке орындауда, әнді сүйемелдеуде және басқа аспаптармен бірге ансамбльдерде де қолданылады. Испанияда ІI ғ-дан бастап белгілі. 17 - 18 ғ-ларда Америка мен Еуропа елдеріне кең тарады. 19 ғ-да Ресейде 7 ішекті Гитараға сұраныс артты. Гитараның укулеле (шағын ғавай Гитарасы), цис-тра (алмұрт пішіндес португал Гитарасы), ағылшындық Гитара тәрізді түрлері кездеседі. Қазіргі музыкада (джаз бен эстрадада) электрогитаралар қолданылады. Қазақ композиторлары Қ.Есенов, Е.Белғозиев, әншілер И.Өнербаев, Г.Ақүрпекова, т.б. гитараның сүйемелдеуімен көптеген муз. шығармалар, әндер орындап жүр.

31 қаңтар 2018 ж. 3 033 2

Гость JeaOrer от 21 ақпан 2019 03:47
Compatibility Of Cephalexin And Doxycycline Tadalis Sx Soft Effet generic cialis canada Propecia En Hombres Prescriptionpillspharmacyrx.Ru Baclofene Sans Ordonnance

Гость JeaOrer от 11 наурыз 2019 08:33
Order Propecia Online Without A Prescription cialis for sale Zithromax Doxycycline Levitra Sciogliere In Bocca