Жолдау – жарқын болашаққа бастар жол
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауын талқылау мақсатында «Шіркейлі» бастауыш партия ұйымында ақпараттық-талқылау кездесуі өтті.Жиын барысында Президент Жолдауында белгіленген стратегиялық міндеттер мен ел дамуының негізгі бағыттары талқыланды. Атап айтқанда, экономиканы дамыту, әлеуметтік саланы жетілдіру, халықтың тұрмыс сапасын арттыру, денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту және ауылдық елді мекендердің әлеуетін көтеру мәселелеріне басымдық берілді.
Кездесу қатысушылары Жолдауда айтылған бастамалардың әрбір азаматтың өмірімен тығыз байланысты екенін атап өтті. Сонымен қатар, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешу, тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және әлеуметтік жауапкершілікті арттыру бағытында өз пікірлерін білдірді.
Талқылау барысында елдің өркендеуі нақты істер мен ортақ жауапкершіліктен басталатыны айтылып, партиялық ұйымдардың халықпен тығыз байланыс орнатып, маңызды бастамаларды жүзеге асырудағы рөліне назар аударылды.
Жиын соңында қатысушылар Мемлекет басшысы айқындаған міндеттерді қолдау, ел бірлігін нығайту және қоғам игілігіне бағытталған жұмыстарға белсенді атсалысу қажеттігін жеткізді.











