Мәслихаттар сайлауы
Тіршілік тынысы Tirshilik-tynysy.kz ақпараттық агенттігі
» » Жолдау – ел болашағына бағытталған маңызды қадам

Жолдау – ел болашағына бағытталған маңызды қадам

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» тақырыбындағы халыққа арнаған Жолдауын түсіндіру және талқылау мақсатында «Шаған» бастауыш партия ұйымында кездесу өтті.

Кездесу барысында еліміздің саяси-экономикалық және әлеуметтік дамуындағы басым бағыттар талқыланды. Қатысушылар экономиканың тұрақты өсуі, халықтың әл-ауқатын жақсарту, денсаулық сақтау саласының сапасын арттыру, білім беру жүйесін жетілдіру және ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін көтеру мәселелеріне тоқталды.

Сонымен қатар, Жолдауда айтылған реформалардың өңірлердің дамуына тигізер ықпалы жөнінде пікірлер ортаға салынды. Әсіресе, ауылдық жерлердегі әлеуметтік мәселелерді шешу, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру және мемлекеттік бастамалардың тиімді жүзеге асуына қоғам болып атсалысудың маңыздылығы атап өтілді.

Басқосу барысында қатысушылар ел дамуының жаңа кезеңінде бірлік пен ынтымақтастықтың, азаматтық белсенділік пен ортақ жауапкершіліктің айрықша рөл атқаратынын жеткізді. Сондай-ақ партиялық ұйымдардың халықпен байланысын нығайтып, ел игілігіне бағытталған бастамаларды қолдау қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыруға әр азаматтың өз үлесін қосуы маңызды екені қорытындыланды.

19 қараша 2026 ж. 35 0