Жолдау міндеттері – жергілікті жердегі жұмыстардың негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында көтерілген міндеттерді талқылау, басым бағыттарды түсіндіру және партиялық бастамаларды жүзеге асыру мақсатында «Тереңөзек» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өткізілді.Кездесу барысында Президент Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық мәселелер, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және ауылдық аумақтарды дамыту мәселелері кеңінен сөз болды.
Жиында бастауыш партия ұйымы мүшелері Жолдауда айтылған міндеттердің маңыздылығына тоқталып, оларды аудан көлемінде жүзеге асыру жолдары жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар тұрғындарды толғандырған өзекті мәселелер, жергілікті жердегі атқарылатын жұмыстар және партиялық бастамалардың тиімділігін арттыру бағыттары талқыланды.
Кездесу барысында қатысушылар өз ұсыныс-пікірлерін білдіріп, ел дамуына бағытталған реформаларды қолдау мен олардың орындалуына қоғамдық бақылау жасаудың маңыздылығын атап өтті.
Мұндай кездесулер Мемлекет басшысы Жолдауында белгіленген міндеттерді кеңінен түсіндіруге, партия мүшелерінің өзара байланысын нығайтуға және жергілікті деңгейдегі өзекті мәселелерді бірлесе талқылауға мүмкіндік береді.
Жолдауда белгіленген міндеттерді жүзеге асыру – ортақ жауапкершілік пен бірлескен жұмыстың нәтижесі.










